Жаңалықтар

Биылдыққа 773 мың қызмет көрсетілген

Брифинг

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы осы жылдың 7 айында тұрғындарға көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша брифинг өткізді.

Мемлекеттік корпорацияның облыстық филиалы директорының орынбасары Ізбасар Орынбасаровтың  айтуынша, өңірде реестрдегі 742 мемлекеттік қызметтің 85 пайызы көрсетіледі. Ал шалғайдағы ауыл тұрғындары үшін қызметтер мобильдік халыққа қызмет ету орталығы арқылы қолжетімді. Жыл басынан бері осындай қызметтің көмегімен барлық аудан қамтылып, ауыл тұрғындарына 14  мыңнан  астам мемлекеттік қызмет көрсетіліпті. Ал операторлармен соңғы 7 айда   773631 қызмет берілсе, 176 мыңнан астам қызметті азаматтардың өзі арнаулы қондырғылар арқылы алған. Осы орайда облыс тұрғындары  251521  электрондық цифрлық қолтаңба рәсімдегенін айта кету керек.

Бүгінде филиалдың барлық қалалық және аудандық бөлімдерінде  «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ұйымдастырылған.

— Облыста 283 457 төлем алушы тіркеуде тұр. Оның ішінде 92789-ы жасына байланысты зейнетақы алушы, 21589-ы мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алушы, 7824-і  асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алушы, 20104-і арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар, 23332-і балалар жәрдемақысын алушы, және 25079-ы басқа да төлем алушылар. Әлеуметтік төлемдер белгіленген тәртіпте кезең-кезеңімен жүргізілуде, — деді Ізбасар Орынбасаров.

Сондай-ақ, әлеуметтік  төлемдердің барлық түрлері  бойынша биылғы  7 айда 74 миллиард теңге, оның  ішінде республикалық бюджеттен 68,2 миллиард теңге, мемлекеттік сақтандыру қорынан 5,4 миллиард теңге, Бірыңғай жинақтаушы  зейнетақы  қорынан 0,4 миллиард теңге төленгені айтылды.

Айта кетейік, қазіргі таңда облыстық филиалда  18 фронт-кеңсе,  мамандандырылған ХҚО,  көші-қон қызметтері және цифрлық қызметтер орталығы жұмыс істейді. Өз кезегінде халықты зейнетақы және жәрдемақы төлемдерін қамтамасыз ету бойынша филиалда 2 қалалық, 12 аудандық бөлім қызмет етеді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button