Мереке

Құрметті ақтөбеліктер, қадірлі достар!

Сіздерді қасиетті мейрам — Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Осынау ұлық мерекеде адамдар құрбан шалып, бейбітшілік пен жақсылық жолында ұйысып, ізгі амалдар жасайды.

Құрбан айт — кеңпейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен қайырымдылықтың мерекесі.

Құрбан айт — ертеден-ақ халқымыздың тарихымен, өмір тіршілігімен біте қайнасқан рухани мейрам. Еліміз егемендігін алғаннан кейін бұл мерекені тойлау жаңаша серпін алып, кең көлемде атап өтілуде.

Қазіргі таңда елімізде көптеген мешіттер мен медреселер салынып, білікті діни қызметкерлердің саны күн санап артып келеді. Бұл мемлекетіміздің руханиятқа жасаған айрықша қамқорлығы деуге болады.

Қасиетті мейрамның алғашқы күні демалысқа келіп тұр. Құрбан айт мейрамы ұлт бірлігін нығайтуға, рухани жаңаруға, халқымыздың қайырымдылық пен қанағатшылдық, бауырмалдық пен татулық сияқты асыл қасиеттерін арттыруға себін тигізіп, бірлігіміз бен ынтымақтастығымызды арттыра берсін!

Қадірлі ағайын!

Мереке тұсындағы барлық сауапты істеріңіз бен ізгі тілектеріңіз қабыл болсын! Кәсіптеріңізге береке, амалдарыңызға адалдық тілеймін!

Құрбан айт мүбәрак болсын!

Құрметпен, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button