Басты жаңалықтарДенсаулық

«Аяла» балаларды оңалту орталығы жұмысына оң баға берілді

Облыс басшысы Оңдасын Оразалин «Аяла» балаларды оңалту орталығында болып, ми сал ауруымен, аутизммен, нейро-ортопедиялық патологиямен ауыратын балаларға арналған заманауи технологиялармен және орталықтың алдағы жұмыс жоспарларымен танысты.

Өткен жылы жұмысын бастаған «Аяла» балаларды оңалту орталығында ми сал ауруы, нейро, кардио, травмопатологиясы бар балаларға үздіксіз оңалту мүмкіндігін ұсынады. Бұл ретте мамандардың қызметі жан-жақты сипатқа ие және балалар мен олардың ата-аналарына бірыңғай оңалту кеңістігін құруға бағытталған. Орталық ғимаратының өзі балалардың шектеулі қабілеттерін ескере отырып салынған. Мұнда айына 90 балаға амбулаторлық оңалту бөлімшесі, физиотерапия, жаттығу залы, бассейн, баланың миындағы клеткаларды оятуға, шартты рефлекстерді қайта қалыпқа келтіруге  арналған сенсорлық бөлме, аллергияға қарсы иммунитетті дамытуға арналған тұзды шахта, монтесори, дәлме-дәл қимылдарды дамытуға арналған «Девирта» виртуалды дельфинотерапия кабинеті, логопед және сурдолог кабинеттері жұмыс істейді. Заманауи жабдықтар Ресей, Швейцария, Чехия, Польшадан жеткізілген. Жабық бассейннің көлемі  15-15 метр, жүзу тереңдігі 1-1,5 метрді құрайды. Ыңғайлы болу үшін тұтқалармен, қажетті құрал-жабдықтармен, суда әртүрлі бағыттағы сабақтарды өткізу үшін акватренажерлермен жабдықталған. Орталықтың ерекшелігі — бассейн, қозғалтқыш функцияларын қалпына келтіруге арналған  стандартты «Ремиокор», локомоторлы терапияға арналған  биологиялық-кері байланысы бар кешендер, жаттығу үстелі, батыс өңірі бойынша осында ғана бар.

Орталықта жоғарғы санатты, тәжірибелі мамандар жұмыс жасайды.

Алдағы уақытта кардиология және кардиохирургия, неврология және нейрохирургия, травматология және ортопедия бейіндері бойынша стационарлық және амбулаторлық оңалту қызметін көрсету жоспарлануда.

Облыс басшысы сауықтыру орталығының  жұмысына оң бағасын берді. Орталықтың бас дәрігері Жолдас Қамбаровқа ерекше  күтімді  қажет ететін балаларға көрсетілетін медициналық көмекті бұдан да жоғары деңгейде көтеру қажеттігі тапсырылды.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button