Әлеумет

Қалта ұрыларының құрбаны болмас үшін…

Жадыңызда жүрсін!

Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі қалта ұрлығының көбеюіне байланысты ақтөбеліктер мен қала қонақтарына төмендегідей сақтық шараларын орындауды ескертеді.

Қалта ұрыларының құрбаны болмау үшін қоғамдық орындарда (автобустарда, аялдамаларда, базарларда, сауда үйлерінде, супермаркеттерде, көңіл көтеру орындарында) үнемі жеке заттарыныңызды тексеріңіздер (әмиян, ұялы телефон және т.б.), мүмкіндігінше ішкі қалталарыңызға салыңыздар немесе қолдарыңызға ұстап тұрыңыздар.Адамдар көп шоғырланған ортада сөмкелеріңіздің жабық екеніне көз жеткізіңіз, қол сөмкеңізді, арқа сөмкеңізді өз алдыңызға ұстап тұрыңыз.

Әмияныңыз немесе ұялы телефоныңыз киімдеріңізден ерекшеленіп, көз түсетіндей болып көрініп тұрмауына аса назар аударыңыз.

Ешқашан зат сатып алуға арналған арбаға ақша салынған сөмкеңізді қоймаңыз.

Әмияныңызға банк карталарының құпия сөзі жазылған қағазды сақтамаңыз және ондай карталарға құпия сөзді жазып қоймаңыздар. Адамдар көп жерде сізге артыңызда, жаныңызда немесе жақын тұрғысы келетін адамдарға назар аударыңыз. Көпшілік ортадан шыққаннан кейін жеке заттарыңызды мұқият тексеріңіз.

Егер қалта ұрлығы орын алса, дереу арада полиция қызметіне хабарлаңыз. Полиция қызметінің 102 телефон номеріне шұғыл соғылған қоңыраудан Сіздің мүлкіңізді табуға көбірек мүмкіндік бар. Қылмыстарды ашудың кепілдігі дер кезінде хабарлауға қатысты.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button