Басты жаңалықтар

«Бақытты отбасы»: 89 үміткердің құжаты мақұлданды

Мемлекеттік бағдарлама

Облыста мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін 30 мыңнан астам азамат кезекте тұр. Оның 10 815-і — «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға әлеуетті үміткер.

Бүгінгі күні аймақта аталған бағдарлама бойынша жылдық үстемеақысы

2 пайызбен баспаналы болған отбасылар бар. Қазір құзырлы органдар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегілермен осы бағытта жүйелі жұмыс атқарып жатыр. 

316 адам құжат тапсырды

Бүгінде ақтөбеліктер «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша баспана алу мүмкіндігіне қол жеткізіп жатыр. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин аталған бағдарламаны жүзеге асыруда аймақта ешқандай кедергінің жоқтығын,  жергілікті атқарушы органның бастапқы қадамдарға дайын екенін айтқан болатын. Қазір жергілікті әкімдік пен банк осы бағытта тығыз жұмыс жасауда.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Ақтөбе филиалы директорының орынбасары  Жанболат Қалменовтың айтуынша, қазіргі күні Ақтөбе қаласы әкімдігінен 1000-нан астам жолдама берілген.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша банкке 539 адам жолығып, оның 316-сы құжаттарын тапсырды. Бүгінгі күні құжат тапсырғандардың 89-ына несие алуға рұқсат берілді. Мәселен, аталған бағдарламаға қатысушы

8 миллион теңгенің шамасында үй алуға тапсырыс беріп, қажетті құжаттарын банкке өткізеді. Содан кейін банк несие беруді мақұлдайды немесе бас тартады. Егер үміткер банк тарапынан несие алуға рұқсат алса, онда 8 миллион теңгенің көлеміндегі пәтерді  іздейді. Кейін көздеген пәтерінің құжаттарын банкке әкеліп тапсырады. Бұл жерде бағдарламаға қатысушыға жылдық үстемеақысы 2 пайызбен несие беріледі, — дейді Ж.Қалменов.  

Оның айтуынша, аталған бағдарламаға қатысуға ниет еткен 223 адамның өтініші банк тарапынан мақұлданбапты. «Басты себеп — табыстың жеткіліксіздігі. Көпшілік тұрғын «Бақытты отбасы» бағдарламасы талабының қиын екенін, отбасына келетін кірістің мөлшері асып кетеді дегенді айтады. Негізінде олай емес, көбісінде отбасының кірісі жетпей жатады. Ең бірінші себеп — олар кіріс мөлшерін дәл 42500 теңге етіп көрсетеді. Яғни, осылай  отбасы кірісін ең төменгі мөлшерде көрсетуге тырысады. Сол сияқты, өтініш берушілердің арасында бейресми жұмыс жасайтындар бар.  Сондай-ақ атына бір емес, бірнеше мәрте несие рәсімделген азаматтар да кездесті. Олар отбасы кірісін 42500 теңге етіп көрсетеді, ал  ай сайын 70-80 мың теңге көлемінде несие төлейді. Осындай себептерге байланысты несие беруге мақұлданбаған өтініштер бар, — деді  банк өкілі.     

Жанболат Қалменов қазір аудандағы салымшылардың да ниет етіп, осы бағдарламаға қатысу үшін өз өтініштерін беріп жатқанын айтты. Ең бастысы — үміткер  жергілікті жердегі  тұрғын үй қатынастары  бөлімінен пәтер алу кезегінде тұрғанын растайтын жолдаманы әкелуі тиіс. Банктің талап ететін басты құжаты да — осы.

Банк өкілінің айтуынша, «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушыға аудан орталықтарынан да пәтер алуға мүмкіндік бар. Ол үшін алатын үйдің жағдайы банк талабына сәйкес болуы шарт. Бүгінгі күні несие рәсімдеуге рұқсат алған 89 үміткердің арасында аудан тұрғындары да бар.

Тұрғын үй сертификаты пәтердің бастапқы құнының 10 пайызын жинауға шамасы келмегендерге ғана беріледі. Алайда оның тізімін мәслихат бекітеді, — дейді әкімдіктегілер.

Дайын пәтерлер, қарқынды құрылыстар

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Дастан Амановтың айтуынша, қазіргі таңда облыс бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекте 30 мыңнан астам азамат тұр. Оның 10815-і —  «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға әлеуетті үміткерлер. Соның 8634-і — Ақтөбе қаласы бойынша тіркелген азаматтар.

Оның айтуынша, қазіргі күні облыста аталған бағдарлама бойынша 974 пәтер өз иесін күтіп тұр. Оның 506-ы — бір бөлмелі, екі бөлмелі пәтерлер саны — 303, ал қалғандары — үш бөлмелі пәтерлер.  Бір бөлмелі пәтерлердің жалпы алаңы — 35-52 шаршы метр,  екі бөлмелі пәтерлердің жалпы ауданы — 56,1-73,5 шаршы метр болса, үш бөлмелі пәтерлердың ауданы — 70,1-92,2 шаршы метр.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Облыс бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін кезекте тұрғандар саны

Аудандар мен қаланың атауы Жалпы кезекте тіркелген азаматтардың саны Кезекте тіркелген азаматтардың саны, оның ішінде
Жетім балалар Көпбалалы отбасылар Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары Мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері Авариялық тұрғын үй
1 Ақтөбе қаласы 23 722 1 688 1 572 10 125 10 276 61
2 Алға ауданы 1 483 550 77 478 377 1
3 Әйтеке би ауданы 151 57 12 44 27 11
4 Байғанин ауданы 182 27 22 100 30 3
5 Ырғыз ауданы 136 25 17 59 33 2
6 Қарғалы ауданы 283 73 15 137 57 1
7 Мәртөк ауданы 560 339 30 122 69 0
8 Мұғалжар ауданы 1 283 91 108 548 535 1
9 Темір ауданы 406 94 56 168 84 4
10 Ойыл ауданы 168 9 29 67 61 2
11 Қобда ауданы 263 94 22 103 43 1
12 Хромтау ауданы 1 026 184 87 499 255 1
13 Шалқар ауданы 434 48 45 236 105 0
БАРЛЫҒЫ (облыс бойынша) 30 097 3 279 2 092 12 686 11 952 88

«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға әлеуетті үміткер есебінде тұрғын үй алу үшін кезекте тұрған азаматтар

Аудандар мен қаланың атауы «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша кезекке тіркелген азаматтардың саны оның ішінде
мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар толық емес отбасылар көпбалалы отбасылар
1 Ақтөбе қаласы 8 634 960 6 102 1 572
2 Алға ауданы 383 42 264 77
3 Әйтеке би ауданы 37 6 19 12
4 Байғанин ауданы 84 6 56 22
5 Ырғыз ауданы 55 8 30 17
6 Қарғалы ауданы 101 11 75 15
7 Мәртөк ауданы 113 14 69 30
8 Мұғалжар ауданы 460 39 313 108
9 Темір ауданы 172 12 104 56
10 Ойыл ауданы 75 12 34 29
11 Қобда ауданы 84 7 55 22
12 Хромтау ауданы 394 49 258 87
13 Шалқар ауданы 223 15 163 45
БАРЛЫҒЫ облыс бойынша 10 815 1 181 7 542 2 092

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша дайын пәтерлер саны

Атауы Жалпы іске асырылмаған пәтерлер саны оның ішінде:
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» «БАСПАНА» ипотекалық ұйымы Жергілікті атқарушы орган
1 6 тоғыз қабатты үй

(12 650,1 м2)

65 3   62
2 Жеке тұрғын үй құрылысына 194 жер учаскелері

(12 513,0 м2)

11 9   2
3 Аз қабатты құрылыстар

(7 883,8 м2)

44 7   37
4 4 тоғыз қабатты үй

(48 115,0 м2)

736 607 129  
5 9 аз қабатты үй

(20 363,0 м2)

118 118    
Барлығы: 974 744 129 101

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button