Әлеумет

Қызмет көрсетті, кеңес берді

Акция

Өткен аптада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында акция өткізді.

Мемлекеттік қызметтерді «Электрондық үкімет» порталы арқылы алуға үндеген іс-шараға мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті де атсалысты.

Акция аясында орталық қызметкерлері «Бақытты отбасы» бағдарламасын түсіндіріп, тұрғындарға электронды-цифрлық қолтаңбаны қалай қолдануды және телеграм-бот арқылы қызметтерді қалай алу керектігін көрсетіп, кеңес берді.

Азаматтар кең таралған анықтамаларды «Электрондық үкімет» порталы арқылы өз беттерінше алуға үйреніп, мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп жатты.

Айта кету керек, қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету орталығының ұжымы халықтың цифрлық сауаттылығын көтеру мақсатында мектептерге, ірі сауда орталықтарына, жергілікті атқарушы органдарға барып, азаматтарға e.gov порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алудың тиімділігін түсіндіруде.

Д.ТАУАНОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button