Спорт

Футболшылармен кездесті

Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда «Ақтөбе» футбол клубының мүшелерімен кездесті.

Кездесуге футбол клубының бас директоры Самат Смақов, бас жаттықтырушы Александр Седнев және ойыншылар қатысты.

Басқосуда ойыншылар жеке ойларын айтып, клубқа қатысты мәселелердің шешілу жолдарын талқылады. Облыс әкімі өз кезегінде спортшыларды жан-жақты қолдауға дайын екенін жеткізді.

Ақтөбе өңірі үшін футболдың орны ерекше, командада өнер көрсететін 24 ойыншының 19-ы ақтөбелік екен, бұл республика бойынша өзге командаларда кездесе бермейтін құбылыс, — деді Оңдасын Оразалин.

«Ақтөбе» футбол клубының бас жаттықтырушысы Александр Седнев арнайы келіп, футболшыларға қолдау білдіргені үшін облыс әкіміне ерекше алғысын жеткізді.

Өкінішке қарай, соңғы кездері жанкүйерлеріміздің үмітін ақтай алмадық, сондай сәтсіздіктерге қарамастан үзбей қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлерімізге ризашылығымызды жеткізгіміз келеді, — деді бас жаттықтырушы.

Ақтөбенің намысын қорғап жүрген ойыншылар кездесу соңында Оңдасын Оразалинге естелікке «Ақтөбе» футбол клубының жейдесін сыйға тартты.

Облыс басшысы команданың алдағы ойындарына сәттілік тіледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button