Жаңалықтар

Зағиптар үшін жаңа ғимарат іздестіріліп жатыр

Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин зағип азаматтармен екінші рет кездесті. Кездесуге облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ербол Данағұлов пен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Нұрхан Қадырбаев қатысты.

— Өткен кездесуде жаңа ғимарат туралы әңгіме қозғап, мәдениет үйі мен кітапхананың бір жерде болғанын қаладыңыздар. Қазір сіздер үшін ғимарат іздестіріп жатырмыз,— деді қала әкімі Мавр Абдуллин.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысы болып кеше тағайындалған Ербол Данағұловтың сөзінше, зағиптар қоғамының мәселесін облыс әкімі де біледі. Өңір басшысының тапсырмасы бойынша зағиптардан бөлек, қарттарға да жаңа ғимарат іздестірілуде.

— Облыста 860 мың адам тұрса, соның 20 мыңы — мүмкіндігі шектеулі жандар. Ал көзі көрмейтін 1200-ден астам адам бар. Сіздерге арнайы құрал-жабдық беруде қиындықтар болды. Мұның барлығын реттедік. Енді кемшіліктер қайталанбайды, — деді Ербол Данағұлов жиналғандарға.

Кездесу барысында мүгедектер тұрғын үй, жұмыспен қамту және шипажайға жолдама беру мәселелерін де көтерді.

Ал облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрхан Қадырбаев зағиптарға жаңа кітапхана ғимаратының қажеттігі жөнінде ашық айтты.

  • Кітапхана ғимаратының әбден тозығы жеткен, едендері ескірген. Зағип түгіл, көзі көретін адамның өзі де құлап қалуы мүмкін,— дейді Нұрхан Қадырбаев. Сосын осы топ кітапхананың жөндеу жұмыстарымен танысты.

Одан соңқала әкімі басқарма басшысы Ербол Данағұловпен бірге қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне барды.

Өз тілішміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button