Жаңалықтар

Жергілікті өнім саудаға шықты

Енді ақтөбеліктер күнделікті тұрмыстық заттарды тазалауға жергілікті өнім түрлерін қолдана алады. Кеше «GRANT ADAL» отандық жаңа өнімдер желісінің салтанатты түрде тұсаукесер рәсімі өтті.

«GRANT ADAL» компаниясы тұтынушылардың сұранысына қарай, тұрмыста қолданылатын 7 түрлі өнімді саудаға шығармақ. Оның ішінде сабын, ыдыс пен еден жууға, терезе, айна, қысқа толқынды пеш тазалауға арналған т.б. үй шаруашылығына қажетті құралдар бар.

Шараның ашылу рәсіміне Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Гүлназ Сисенова қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Бүгінде кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жақсы қолдау көрсетілуде. Биыл жыл басынан бері 24 жобаға 18 миллиард теңге бөлініп, ірілі-ұсақты кәсіпорындар іске қосылды. Нәтижесінде 970 адамға жаңа жұмыс орны ашылды.Сондай-ақ биыл «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша 67 кәсіпорынға 3 миллиард теңгеге қолдау көрсетілді. «Еңбек» бағдарламасы бойынша 46 кәсіпорынға 479 милиион теңге көлемінде микрокредит берілді. Мұның барлығы кәсіпорындар үшін өз кәсіптерін одан әрі дамытуға септігін тигізері сөзсіз.

Қазір облыс халқының 90 пайызын сырттан келген кәсіпорын өнімдерімен қамтамасыз етіп отырмыз. Бүгінгі жергілікті «GRANT ADAL» компаниясының ашылуы бізді қуантады. Себебі бұрын-соңды  қаламызда мұндай кәсіпорын болған жоқ. Жаңа бастамаларыңызға сәттілік тілеймін, — деді Г.Сисенова.

«GRANT ADAL» компаниясыныңдиректоры Арыстанбек Жұмабаевтың айтуынша, өнімдер алдағы үш күннің ішінде қаладағы сауда нүктелерінде және «Анвар», «Дина» сауда орындарында сатылатын болады. Өнімнің сапасы экологиялық жағынан қауіпсізәрі бағалары да тұтынушыларға қолжетімді болмақ. Қазіргі таңда аталған компания өнімдері Батыс Қазақстан облысында да нарыққа шықты.

Шара соңында бірлесе жұмыс жасау мақсатында облыстық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен«GRANT ADAL» компаниясының басшылары меморандумға қол қойды.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button