Спорт

БІРІНШІ КЕЗЕҢ АЯҚТАЛДЫ

Үшінші орынға табан тіреген «Ақтөбе» ХХІІ турдың ойынын Атырауда өткізді. Бұл ойынның қорытындысы жергілікті футболшылар үшін аса маңызды еді. Өйткені бұған дейін Талдықорғанның «Жетісуымен» бірдей ұпай жинаған көршілерімізге үш ұпай ауадай қажет болды. Ал талдықорғандықтар Қарағандыда «Шахтермен» кездесті. Алдыңғы «алтылықтан» үміткер қос команда соңғы турда бар күштерін салып, екеуі де үш ұпайдан олжалады.

Сонымен, Атыраудағы матчқа оралайық. Ойынның алғашқы 30 минуты алма-кезек шабуылмен өтсе де, аса қауіп төндіретіндей жағдайлар болмады. Дегенмен жерлестеріміз шабуылды үдете түсті. Бұл турдағы 3 ұпай ақтөбеліктерге де өте қажет болатын. Себебі келесі кезеңде топ басындағы «Тобылды» қуып жетіп, алтынға қол созу үшін ұпай жоғалтпау керек еді. Ойынның 33-минутында Самат Смақов есеп ашып, алаң иелерін абыржытып тастады. Дегенмен біздің басымдығымыз ұзаққа бармады, легионер Виорел Фрунза 40-минутта есепті теңестіріп кетті.

Ойынның екінші кезеңінде екі команда да жеңіске жетуге тырысты. Бірақ доп нысанаға дөп түспей жатты. Осындай сәттің бірінде атыраулық Сергей Хижниченко қақпашы Александр Сидельниковті қапы қалдырып, есепті 2:1-ге жеткізді. Осы гол алаң иелеріне тың күш бергендей болды. Төрешінің шешуші ысқырығы естілгенге дейін шабуылдаған «Атырау» үш ұпайды иеленді. Осылайша жерлестеріміз бірінші кезеңде 22 ойыннан 37 ұпай жинап, 3-орынмен аяқтады.

Биылғы футбол маусымында Премьер-Лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының бірінші кезеңі аса тартыспен аяқталды. Екінші кезеңде алтын медаль үшін таласатын алты команда белгілі болды. Қалған алты команда 7-12 орындарды анықтайды.

Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига

Команда

О

Ұ

Т

Ж

Доп айырмашылығы

Ұпай

1

«Тобыл»

22

14

5

3

37 – 15

47

2

«Ертіс»

22

12

7

3

30 – 16

43

3

«Ақтөбе»

22

11

4

7

32 – 22

37

4

«Шахтер»

22

11

4

7

28 – 19

37

5

«Локомотив»

22

11

3

8

33 – 21

36

6

«Атырау»

22

11

3

8

29 – 26

36

7

«Жетісу»

22

9

7

6

22 – 16

34

8

«Ордабасы»

22

8

6

8

20 – 20

30

9

«Қайрат»

22

4

8

10

11 – 22

20

10

«Тараз»

22

4

6

12

21 – 33

18

11

«Ақжайық»

22

3

5

14

19 – 43

14

12

«Окжетпес»

22

3

4

15

16 – 45

13

Үздік мергендер

Нұрбол Жұмасқалиев («Тобыл») – 10 гол (0)

Ұлықбек Бақаев («Тобыл») – 10 гол (3)

Глеб Мальцев («Ертіс») – 9 (0)

Георгий Даскалов («Ертіс») – 9 (1)

Игорь Бугаев («Локомотив») – 9 (2)

Алексей Мальцев («Ақжайық») – 7 (0)

Андрей Финонченко («Шахтер») – 7 (0)

Мұрат Тілешев («Ақтөбе») – 7 (0)

Валерий Андроник («Локомотив») – 7 (0)

Алдин Джидич («Шахтер») – 7 (0)

Самат Смақов («Ақтөбе») – 6 (1)

(Жақшаның ішінде пенальтиден соғылған гол)

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button