Жаңалықтар

Басқарма басшысы мен облыс әкімінің көмекшісі тағайындалды

Облыс әкімі аппараты жиынында облыс әкімі Оңдасын Оразалин жаңа тағайындауларды жариялады.

Облыс әкімінің қаулысымен  облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметіне  Ербол Данағұлов тағайындалды. Ал облыс әкімінің әскери қауіпсіздік, қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі қызметін  Әділбек Құлтаев атқаратын болды.

Ербол Жеткергенұлы Данағұлов 1981 жылы туған. 2002 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық-педагогикалық университетін аяқтаған.

Еңбек жолын 2003 жылы Шалқар ауданының әкімі аппаратында бас маман болып бастаған. 2006-2013 жылдары Шалқар ауданы әкімі аппаратының сектор меңгерушісі, Шалқар ауданы Жаңақоныс ауылдық округінің әкімі, Шалқар қаласы әкімінің орынбасары, Шалқар қаласының әкімі қызметтерін атқарды. 2013-2016 жылдары Шалқар ауданының әкімі, 2016-2019 жылдары Мұғалжар ауданының әкімі лауазымын  атқарды.

Әділбек Құлтаев 1969 жылы туған. 1992 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2017 жылы С.Ю.Витте атындағы Мәскеу университетін бітірген, заң магистрі. Еңбек жолын 1992 жылдан бастап, түрлі мемлекеттік лауазымдарда қызмет атқарған. 2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде қызмет атқарып келді.

Облыс басшысы жаңа тағайындалған лауазым иелеріне нақты тапсырмалар беріп, жүктелген міндетті абыройлы атқарады деген сенімін білдірді.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button