Жаңалықтар

Жұртшылық мемлекеттік қолдау туралы ақпарат алуы тиіс

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіружәне әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұжымы қызметкерлерімен  кездесіп, жаңа тағайындалған басқарма басшысы Ербол Данағұловқа бірқатар міндеттер жүктеді.

«Мемлекет қашанда аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен көпбалалы отбасыларды назардан тыс қалдырмай қолдау көрсетіп келеді, адамдар сіздердің алдарыңызға  тұрмыстық жағдайдың  қиындығына тап болып, қаржылық тапшылықтан көмекке зәру болғандықтан үмітпен келеді, сондықтан мемлекеттік қызметкер ретіндегі басты мақсаттарыңыз оларды дұрыс қабылдап, заң аясында мәселенің шешілуіне ықпал жасауға тиістісіздер», — деп атап өтті облыс басшысы.

Басқарманың жаңа басшысына осы жұмыстарды үйлестіріп, көмек сұрап келген мүмкіндігі шектеулі және түрлі әлеуметтік топтағы азаматтарға сапалы түрде  қызмет көрсетілуін тапсырды.

Сондай-ақ, облыс әкімі  мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекет тарапынан  көрсетілетін қолдаулар жөнінде тиісті мамандар уақытында дұрыс ақпараттандырып,  түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыруы тиіс екенін атап өтті.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button