Жаңалықтар

Жастармен кездесті

«Нұр Ғасыр» мешітінің имамы Төлеби Оспан мен облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев діни білім алып жатқан жастармен кездесті.

Жиында «Нұр-Мүбәрак» университетінде және Нұр-Сұлтан мен Ақтөбе қалаларындағы медреселерде оқитын шәкірттер өз ойларын ортаға салды. Жастардың сапалы білім алуы, оқуын жалғастыруы, магистратураға түсуі және т.б. мәселелер әңгіме арқауына айналды.

Жиында Ә.Тұралиев  биыл тұңғыш рет облыстық әкімдік «Нұр-Мүбәрак» университетіне исламтану мамандығы бойынша 9 грант бөлгенін айтты.  Бұл өңірімізге білікті дін саласы мамандарының келуіне  мүмкіндік береді. Тегін білім алғысы келетін жас талапкерлер құжаттарын үшінші тамыздан бастап тапсырады.  Ал грант ұтып алғандар болашақта облыста жұмыс жасайды.

Кездесуде Т.Оспан университеттің ақылы бөлімінде оқитын студенттердің оқуы мен жатақхана ақысын төлеуге мешіт көмектесетінін айтты. Сондай-ақ бас имам  жастардың сұрақтарына жауап берді.

Г.ТӨРЕДИНҚЫЗЫ,

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз хатшысы. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button