Рухани жаңғыру

Жұртшылық  жадындағы  тұлға

Қазақтың кең-байтақ даласы — тұнып тұрған тарих. Қай өңірдің болмасын, өзіне тән шежіре-аңыздары, айтулы тұлғалары, өзге аймақтардан  ерекшелендіріп  тұратын қалыптасқан  салт-дәстүрі, ғұрпы барекендігі баршаға аян. Осы ретте шежірелі Ырғыз төңірегінде  де өз заманында кісілік  келбетімен, қайраткерлік  қасиетімен аты-жөні аңызға айналған атпал азаматтарғұмыр кешкен. Солардың қатарында  ХІХ-ХХ ғасырларда өмір сүрген Назар Көбекұлы туралы сөз қозғаудың орайы келіп тұр. Жастай жетімдік тақсіретін тартқан  ол өзінің еттірлігінің, пысықтығының арқасындаорысшабілім алып,елге танымал  азаматтармен үзеңгілес қызмет жасаған.

Осы арада мына бір жайтқа тоқтала кетудің артықтығы болмас.2013жылы маған «Сіздің өңірде Шөмекей руынан Назар Қабақұлы деген белгілі кісінің мазары бар деп естіп едік, сол туралы мәлімет керек еді» деп облыстық «Актюбинский вестник»газетінің редакциясынан әріптесім хабарласты. Мен Назар Көбекұлы деген кісінің  болғанын, Нұра өңірінде «Назар  тамы» деп аталған мазары бар екенін айтып бердім. Сөйтсек, оқиға былай өрбіген екен.  Сол  тұста «Актюбинский вестник» газетінде белгілі этнограф Рахым Бекназаровтың «Әлім қырғыздары» деген мақаласын оқығаннан кейін Жан есімді оқырман редакция сайтына  Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында  өмір сүрген белгілі тұлға Назар бабасы туралы білгісі келіп өтініш жазған.

Осыдан кейін редакция қызметкерлері жан-жақтан сұрау салған. Редакция облысқа белгілі өлкетанушы,тарихшы Бекарыстан Мырзабаймен және осы жолдар авторымен сөйлесіп, толық мағлұмат алғаннан кейін баласы Жандостың  есімін Жан деп қысқартыпжазып, соның атынан өтініш жолдаған  Қостанай облысының  Жетіқара  қаласында тұратын Күлшат Басановаға хабарланады.  Назар Көбеков — оның әжесі  Айшаның әкесі. Сонымен  қатар Б.Мырзабайдың араласуымен Назар Көбекұлының шөбересі,Ақтөбеде тұратын зейнеткер, белгілі палуан, спорт шебері Шыңбай Снадиновпен байланыс орнатылады.Осылайша облыстық газеттің дәнекер болуымен алыстағы ағайындар бір-бірімен қауышады. Бұл туралы «Актюбинский вестник» газетінің  2013 жылғы 15 тамыздағы нөмірінде Абат Қаратаевтың «Жаңғырған жад» деп аталған көлемді мақаласы жарық көрді. —Назардың бес ұл, екі  қызы болған,—дейді  сол мақала кейіпкері  К.Басанова, — Назар атамыздың тікелей шөбересі Шыңбай ағаның атасы Баймағанбет пен Айша әжеміз — ағалы-қарындасты бірге туғандар. Айша әжеміз 1903 жылы туып, 1985 жылы 83 жасында қайтыс болды. Назар  атамыздың ел ішінде беделді, сауатты әрі шешен адам болғанын, дау-дамайға билік айтқанын сол кісіден еститінбіз. Өкініштісі сол — жас кезімізде атамыз жайындағы әңгімелерге көп мән бермедік».

Сол жылы жан-жақтан табысқан ағайындар Әйтеке би ауданының орталығы Комсомол селосына жиналды.АқтөбеденШыңбай Снадинов,Бекарыстан Мырзабай, «Актюбинский вестник»газетінің тілшісі барып,Қостанай облысының Жетіқара  қаласынан Жұмабек Басанов бастап зайыбы Қарашаш,баласы Ербол, ерлі-зайыпты Болат-Күлшат, олардың  ұлдары Мақсат, Жандоспен бірге жеткен.  Үлкендері Мақсат Парижде оқып, жұмыс жасайды. Назар ата ұрпақтарының сапарыНұра ауылдық округіне қарайтын Дүкенауылынажалғасты. Барған топ осы ауылдан қырық шақырымда биік төбе басында  орналасқан «Назар тамы»  мазарына барып, аталарына тәу етті. Бұл өңірге мұнан кейін де жолы түскен Жұмабек, Күлшаттар өз аталары Басанның жерленген  бейітін тауып, белгі орнатып, Құран бағыштады. Алыстағы  ағайындардың  ата-баба мазарын, қонысыніздепкелуісауаптысапар болды.

Сонымен, Назар Көбекұлы кім болған? Назар Көбекұлы (1853 -1919) —Ырғыз  өңірінен шыққан белгілі тұлға, көшпелі елдің мәдениеті мен тұрмыс жағдайын   жақсартуға күш жұмсап сардар атанған Алмат Тобабергенұлының  баласы Самырат Алматұлы Кенжеқара болысын басқарғанда, соның қарамағында іс жүргізушісі  болып қызмет жасаған. Торғайда екі жылдық орыс-қазақ  училищесінде оқыған Назар Көбекұлы 1868 жылыаймақтың жергілікті картасын  жасауға  араласқан.«Актюбинский вестник» газетінде заманында патша  үкіметініңқазақ жерін басып ала бастағанын аңғарған Назар ағайындары отырған жерлердің картографиясын жасап, оны уезд бастығына тапсырғаны  жөнінде жазылды.Орысша  сауаттылығы  арқасында  «Искра» газетін алғашқы  нөмірінен бастап жаздыртып алып оқыған. Ол  Ырғыз-Торғай  жеріндегі ұлт-азаттық көтерілісі басшыларының бірі, республиканың мемлекет қайраткері Әліби Жангелдинмен жүздескен.

Көзі ашықтығы мен сауаттылығының бір дәлелі ретінде Назардың қазақтың  тұңғыш дәрігері, Ырғыз уезінде дәрігер болып еңбек еткен Мұхамеджан  Қарабаевтан ине салуды үйреніп, тұтас ауылды сол уақытта кең етек жайған  шешек эпидемиясынан құтқарыпқалғанын айтуға болады. Өз басым бала кезімде  әжелерімізден Назар Көбекұлының медицинаға  жақындығынан  келіндері  оны  «Шанышпай ата», «Шанышпай қайнаға» деп айтып отырады дегенді еститінмін. Ол кісі жергілікті халықты тек үйде ғана емес, тұтас аймақта тазалық сақтауға,  сол арқылы жұқпалы індеттердің алдын алуға үндепотырған.

Өз заманында сегіз қырлы, бір сырлы болған Назар Көбекұлы қазіргі Нұра ауылдық округі аумағында қазақша мектеп ашуға ықпал жасаған. Торғай өңірінен  білімді ұстаздардың бірі Тоқтар Тұңғашинді дәріс беруге шақыртқан. Ташкентте  САГУ-де Темірбек Жүргеновпен бірге оқыған Назарұлы Сайран да осы мектепте білім алған екен. Өкінішке қарай, Назар өмірденөткеннненкейін келесі жылы  баласы Сайран да құрт ауруынан қайтыс болыпты.

Жалпы Назар Көбекұлы туралы ел ауызында сақталған әңгімелер көп. Мәселен,  бір жылдары атақты Базар жырау Оңдасұлына жылқы ұрлады деген айып  тағылып, ол Сыр бойынан Ырғызға қарайқашқан. Осы жақта қамауға алынып,  түрмеге отырғызылады. Назар ақынның ешқашан ұры болмайтынына өзінің  шешен тілімен нақтылы дәлел келтіріп, жыраудың бостандыққа шығуына  себепкер болады. Базар жырау Назарға деген ризалығын төмендегідей жыр  шумақтарымен жеткізген.

Сен Қаратамырдың  Назары,

Мен Балқының Базары.

Өзіңізді  көргенде,

Базардың  кірді  ажары.

Істі  болып  отырмын,

Түрменің  батып  азабы.

Сақалың   алтын,  мұртың жез,

Дәулетіңе  келдім  кез…

Назар Көбекұлы — текті әулеттен шыққан азаматтардың бірі. Оның арғы атасы  Жабасақ Тіленшіұлы ел арасында дәулетімен ғана емес, ел қамқоры болған  кісілігінің арқасында зор бедел иеленген. Бүгінде Әйтекеби ауданында Жабасақ  аталатын ауылдық округ орталығы, елді мекен бар. Қостанайоблысымен  шектесетін Ырғыз ауданының Нұра ауылдық округі аумағында Назардың әкесі  Көбек және атасы Төлеген де жерленген. Онымен аталас ағайындары да осы төңіректе мекендеген.

Биыл Назар Көбекұлының өмірденөткеніне бір ғасыр толды. Ал ол қайтыс  болғаннан кейін көзі тірісіндегі халыққа, елге жасаған еңбегіне деген құрмет  есебінде биік төбенің басына салынған мазары бірнеше шақырымнан көзге  түседі. Белгілі ғалым, археолог, этнограф Серік Әжіғалидің 2002 жылы «Ғылым»  баспасынан орыс тілінде жарық көрген «Көшпенділердің сәулет өнері — Еуразия тарихы мен мәдениетіндегі феномен» (Арал-Каспий өңіріндегі ескерткіштер) атты кітабында төмендегідей мәлімет келтірілген:

«…Қазақтардың мемориалдық-діни сәулет өнерін зерттеуде экспедициялық  отрядтардың 1998 жылы Ақтөбе облысының Ырғыз және Шалқар аудандарында жүргізілген жұмыстарыныңелеулі маңызы болды. Ырғыз ауданындағы бұрын  белгісіз ескерткіштер зерттелді…Өлкейік өзенініңтөменгі арнасында, сол жақ  жағалауда, Нұра ауылының солтүстігінде  орналасқан Назар тамы ерекше  қызығушылық тудыртады. Бұл — бұрыштары шығыңқы, тікбұрышты, күмбезді,  кіреберіс бөлігі бар ескерткіш. Кіреберісі бес күмбезшемен жабылған көлденең тамбур. Мазардың негізгі залы конус пішіндес күмбезделіп жабылған, жоғары  жақтары мүжіліп құлаған. Солтүстік қабырғаның интерьерінде саман кірпіштен  қаланған, ішінара бұзылған «Сағана» типті қабір бар. Зерттеушілердің  мәліметтеріне қарағанда мұнда бес мүрде жерленген. Ғимараттың бұрыштары  мұнара пішінде шығарылған. Мазар шағындау жота үстінде (алыстан көрінеді),  кірпіштен (40х18х12 см) саз балшықпен қаланған, қабырғаларының ішкі беті  балшықпен сыланған. Көрініп отырғандай, Назар тамы мазары — сәулет өнерінің  солтүсті карал маңы тобына жататын айрықша ескерткіш. Композициялық шешім  тұрғысынан ол жіктеу бойынша «Күрделілендірілген кіреберісті тамбурлы  көпорынды  кесенелер» тобына жатады».

Жуырда ұрпақтары «Назар тамы» мазарына барып, Назар Көбекұлы аталарының басына Құран бағыштап, бақилық болғанына жүз жыл  толған белгілі тұлғаны еске  алды. Ақтөбеден, Қостанай, Қызылорда облыстарынан, Ырғыз ауданы  төңірегінен бас қосқан азаматтар тағылымды басқосу ұйымдастырды. Назардың ел-жұртына жасаған жақсы істері жөнінде естелік әңгімелер айтты. Әлі де тарихтан өз орнын алып үлгермеген Назар Көбекұлы туралы терең зерттеу  жүргізу, кейінгі ұрпаққа оның игілікті  істерін насихаттау алдағы күндердің  еншісінде. «Назар тамы» мазары таяу уақытта ел астанасы Нұр-Сұлтанға қарай салынатын күре жолдан он бес шақырымдай қашықтықтаорналасқан. Үлкен  жолдың бойында осындай тарихтағы тұлғалардың ескерткішін танытатын белгі  орнатылуы ескерілсе, артық болмас еді…

Марат МЫРЗАЛЫ,

                                                                           Ырғыз  ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button