Денсаулық

Медицинада медиацияны қалай дамытамыз?

Медиация латын тілінде mediatio, яғни делдалдық деген ұғымды білдіреді. Бұл —дауларды реттеудің дүниежүзінде кең тараған түрлерінің бірі, тараптар арасындағы дауды соттан тыс шешуге бағытталған заңды рәсім.

Қазір медиация барлық салада кеңінен қолданылады. Оның ішінде соңғы жылдары медицина саласындағы дау-жанжалдарды бітімгердің көмегімен шешіп жүргендер көп.

Ақтөбеде «Денсаулық саласы және медиация» тақырыбында жиын өтті. Шарада денсаулық сақтау саласы кадрларының дипломнан кейінгі білім беру академиясының ректоры, кәсіби медиатор Айгүл Муятдинова аталған мәселе бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарларды баяндады.

Соңғы кезде емделушілер мен дәрігерлер арасындағы дау-жанжал, арыз-шағымдарды сотқа жеткізбей медиатор арқылы шешу кеңінен қолданылып жүр. Осы бағытты біз әрі қарай дамыта беруіміз керек. Мақсат — медицина саласында кәсіби медиаторлар қызметін жетілдіру. Бүгінгі күні медиаторлар ақысыз, яғни тегін қызмет көрсетуде, — деді ректор.

Біздің облыста Ақтөбедегі №4 емханада медиация кабинеті ашылған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Шүкірованың айтуынша, бұндай кабинетті жылдың соңына дейін барлық емханаларда ашу көзделіп отыр. Қазіргі күні бас дәрігерлермен меморандумға қол қойылған. Жиында медицина саласындағы медиацияның өзектілігі, оны жетілдру жолдары айтылды.

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button