Әлеумет

Қала тазалығы  тұрғындарға тәуелді

Акция

Үкімет басшысы Асқар Мамин республикалық «Бірге — таза Қазақстан» экологиялық акциясын еліміздің барлық өңіріне жолдады. Тазалық шарасынаақтөбеліктер «Таза қала», «Таза өзен» акциялары арқылы белсене қатыспақ. Өйткені қала аумағындағы тұрмыстық қалдық заттармен ластанған өзен жағалаулары, демалыс орындарындағы жағдай сын көтермейді.

Осыған орай Ақтөбе қалалық әкімдігінде өткізілген дөңгелек үстел жиынына табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары мен ірі кәсіпорын өкілдері және бірқатар  басқарма басшылары қатысты.

Қала айналасындағы өзендерді тазалау жұмыстары алдағы сенбіден басталып, әр апта сайын жүргізілмек. Оған барлық қала тұрғындары, кәсіпорын, бюджеттік мекемелердің қызметкерлері қатысады. Бұл жұмысты сала басшылары ұйымдастырады.

Қала әкімінің орынбасары Ұшқын Мыңбаевтың баяндауынша қала маңы 10 участокке бөлінген. Әр участокке 100-ден аса адам тартылмақ. Қалалық әкімдік әр мекемеге жерді бөлу жұмыстарымен қоса, қажетті техникалармен қамтамасыз етуді қолға алды. Бұған дейін еріктілер тобы 180 қапшық қоқыс жинаған.

Қалалық мәслихат депутаты Нұрлан Махамбетов бұл акцияның дер кезінде басталғанын, қаланың тазалығы әр тұрғынға тәуелді екенін айтып, қай жерде де тұрмыстық қалдық заттарды шашпауға шақырды.

Акция аясында қаламыздың айналасын тазартып алмасақ, қалдық заттар азаймайды. Керісінше қосыла береді.  Біз бен сіз шашқан жерлерді өзіміздің ұл-қыздарымыз жинайды. Бұл ұят нәрсе. Өзіміз шашқан жердікейін қаражат жұмсап тазалағаннан гөрі, шашпай,  орнымызды жинап жүрсек құба-құп болар еді. Ақтөбе қаласының 150 жылдығын тойлағалы отырмыз. Қаланың тазалығына өзіміз мән бермесек, сырттан келіп ешкім жасап бермейді. Біз ұрпаққа таза жер, таза су, таза қаланы мирас етіп қалдыруымыз керек. Міне, осы мақсаттағы жұмыстарды бірге атқарайық, — деді Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин.

Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button