Басты бет » Жаңалықтар » Жылыту маусымына әзірлік пысықталды

Жылыту маусымына әзірлік пысықталды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында облыстың алдағы күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындығы пысықталды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Дастан Аманов атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Қазіргі уақытта 461 қазандық (75%), 129,4 шақырым жылу желілері (47%), 24,0 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілері (39%), 124,2 шақырым электрмен жабдықтау желілері (71%), 1 277 әлеуметтік нысан (82%), 1 616 КПТҮ (66%) жөндеуден өткен.

Облыс әкімі қала, аудан басшыларына «Ақбұлақ» АҚ, «Трансэнерго» АҚ, «Энергосистема» ЖШС, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ АӨФ, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-мен бірлесе 30 қыркүйекке дейін көпқабатты тұрғын үйлердің жылыту маусымына уақтылы дайын болуын, қысқы мезгілде ешбір мәселенің орын алмау жайын қарастыруды тапсырды.

«Бізге тұрғындардың қыстан қиналмай шығуы маңызды. Аудан, ауыл әкімдері жағатын көмірдің сапасына назар аударып, жеткілікті әрі уақтылы қамтамасыз етілуі қадағалансын», — деді Оңдасын Оразалин.

Сонымен қатар облыс әкімі аудан басшыларына қазіргі қуаңшылық кезінде шаруаларға барынша қолдау көрсету қажеттігін айтты. Себебі, шілденің тым ыстық болуынан көптеген жайылым жерлерде өрт оқиғалары орын алуда. Тілсіз жауды болдырмаумен қатар, мал шаруашылығымен айналысып отырған қожалықтардың жем-шөппен қамтамасыз етілуін тапсырды.

«Әрбір ауланы аралап, тұрғындарға қаншалықты мал азығы қажеттігін есепке алыңдар, олардың жеткілікті қамтылуы тікелей бақылауымда болады», — деді облыс басшысы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*