Басты бет » Жаңалықтар » 15 тамызға дейін өтініш беріп үлгеріңіз!

15 тамызға дейін өтініш беріп үлгеріңіз!

Нұрлы жер

 «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»осы жылдың 16 шілдесінен бастап 15тамызға дейінгі аралықта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына конкурстық жүйе бойынша қатысуға өтініштерді baspana.kz сайты арқылы қабылдайды.

Үшқабатты тұрғын үйде тұрғыңыз келсе, «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй массивіндегі

1-шағын аудандағы №7,№11,№12, №20, №21,№22, №24, №23 үйлер ұсынылады. Төрт қабатты тұрғын үйде тұруға ниет білдірсеңіз,«Нұр Ақтөбе»  тұрғын үй массивіндегі 1-шағын аудандағы №30, №32үйден, ал бес қабатты тұрғын үйден пәтер іздесеңіз, «Нұр Ақтөбедегі» 1-шағын аудандағы 49-үйдегі пәтерлердің біріне өтініш қалдырыңыз.

Айтпақшы, 3 қабатты тұрғын үйдің тұрғыны болғыңыз келсе, таңдау мүмкіндігі де мол екен. Себебі, №50 үйде— 69 пәтер, №52 үйде — 54 пәтер, №53 үйде — 54 пәтер, №62 үйде36 пәтер бар.

  • Үйлердің құрылыстарыжоспар бойынша биыл қыркүйек айында аяқталуы тиіс. Нысан таза әрлеуде ұсынылады. Бір бөлмелі пәтерді қаласаңыз, мұндағы бір шаршы метрдің бағасы — 120 000 теңге, шамамен бір бөлмелі пәтердің бағасы 4,5-5 миллион теңгеден асады. Ал екі бөлмелі пәтердегі бір шаршы метрдің бағасы — 135 мың теңге. Үш бөлмелі пәтерлердің бір шаршы метрі 130 мың теңгеден берілмек, — дейді«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» өкілі Мақсат Зайтов.

Пулға қатысуға арналған өтінішті baspana.kz Банктің интернет-ресурсында беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген балдары мен кезектілігіне әсер етпейді. Өтініштер банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Өтініш берушінің жинақ шотында пәтер құнының 300 000 теңге белгіленген сомасы бар болған кезде пулға қатысуға өтініш беру мүмкін болады.

Сонымен қатар«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Ақтөбе Сәулет құрылыс» мекемесі салған таза әрлеудегі 3 коттедж де тұрғындарға ұсынылып отыр. Аудандары әртүрлі. Мұнда 154,6 шаршы метрлік бір иелік коттедждің бағасы —  18 552 000 теңге.151,5 шаршы метр болатын екі иелік коттедждер 18 180 000 теңгеден ұсынылады. 133,2 шаршы метрлік екі иеге арналған коттедж бағасы — 15 984 000 теңге. Бастапқы жарна 20 пайыздан басталады. Несие 5 пайызбен беріледі.

Нысан «Нұр Ақтөбе» «Тұрғын үй массивіндегі 1 «А» шағын ауданда орналасқан.

Баспанадан дәмелілер ең әуелі тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы болуға тиіс. Анығы, аталған банктегі шотыңызда бастапқы жарна болу және төлем қабілеттіліңізді растасаңыз болғаны, сіздің атыңызда баспана бар не жоғы тексерілмейді. Сондай-ақАқтөбе қаласы жер қатынастар бөлімінде кезекке тұрып, бұрын-соңды мемлекет тарапынан тегін жер телімін алмасаңыз жетіп жатыр. Толық мәлімет алып, бағдарламаға қатысқыңыз келсе, Ы.Алтынсарин көшесі,

2-үйде орналасқан 24-кабинетке жолығуға болады.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*