Жаңалықтар

«Нұр Ақтөбе» тұрғындары басқарушы компанияның жұмысына наразы

«Ақтөбеліктер №30 басқарушы компанияның жұмысын сынға алып, шаһар басшысының алдында өкпе-реніштерін айтты», — деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Қала әкімі Мавр Абдуллин тұрғындардың наразылығына тап болған №30 басқарушы компанияның өкілдерімен кездесті. Компания өкілдерінің сөзінше, тұрғындар бұзылған жылыту құрал-жабдықтарын алуға ешқандай қаражат шығармайды. Ал тұрғындар, керісінше, мердігер компанияға ай сайын орташа есеппен 2500 теңгеден төлейтіндерін, бірақ жұмыс нәтижесінің жоқтығын тілге тиек етті.

Сондай-ақ, «Нұр Ақтөбе» тұрғындары көлік аялдамасының болмауынан жүретін жолда кідіріс орнайтынын жеткізді.

«Егер жедел жәрдем немесе өрт сөндіру көлігі келсе, аулаға кіре алмай қалады», — деп шағымданды тұрғындар.

Қала әкімі Мавр Абдуллин №30 басқарушы компания өкілдерінен жауап талап етіп, тұрғындар көтерген мәселелерді жиырма күннің ішінде шешуге тапсырма берді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button