Жаңалықтар

Жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Бейсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Премьер-Министрі   Асқар Маминнің басшылығымен Арыс қаласында  өткен жиынға   қатысты, — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқосу барысында қаланы қайта қалыпқа келтіру мәселелері талқыланды.
Оңдасын Оразалин Үкімет басшысына Ақтөбе өңіріне бекітілген 12-ші секторда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын хабарлады. Әрбір тұрғын үйдің ахуалы толық зерттеліп, акт жасалған. Қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жалпы  Арыста 676 үйде жөндеу жұмыстары аяқталған. Қазір 3040 көппәтерлі және жеке тұрғын үйлерді және 66 әлеуметтік нысанды  қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша барлық  негізгі жұмыстар 1 тамызға дейін аяқталуы тиіс.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button