Жаңалықтар

Ақтөбе Түркістанға театр тарту етпек

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин кеше Түркістан облысына жасаған іссапары барысында Түркістан қаласының облыс орталығы болып құрылуына байланысты Ақтөбе өңірінің тартуы ретінде салынып жатқан драма театрдың құрылыс жұмысымен танысты. Аталған нысан Түркістан мен Ақтөбе облыстарының бірігіп қаржыландыруымен жүзеге асуда.
4 қабаттан тұратын ғимараттың жалпы көлемі 9700 шаршы метрді құрайды. Бой көтеріп жатқан мәдени ошақ заманауи үлгіде, барлық талаптарға сай салынуда. 510 адамға арналған көрермен залы,арнайы автотұрақ орны болады.

Оңдасын Оразалин жауапты мердігер мекемеге драма театрдың құрылысын сапалы жүргізіп, жұртшылықтың игілігіне дер кезінде беру керектігін нықтап тапсырды.

Ақтөбе облысының Түркістанға тартуы ретінде салынып жатқан драма театрдың құрылысы осы жылдың маусым айында басталған, 2020 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button