Жаңалықтар

Мәжіліс депутаттарымен кездесті

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин  ҚР Парламенті Мәжілісі Экология және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша комитеттінің төрағасы Глеб Щегельский, осы комитеттің  мүшесі  Ольга Шишигина, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері  Абай Тасболатов, Бақытқожа Ізмұхамбетов және Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Дания Еспаева сынды  бірқатар халық қалаулыларымен кездесті деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қонақтардың Ақтөбеге келудегі мақсаты — Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысып, өңір тұрғындарының  мәселелерін тыңдау.

Кездесу барысында Оңдасын Оразалин Ақтөбе өңірінің республика бойынша    даму әлеуеті жоғары екенін, мемлекеттік  бағдарламалар бойынша  бірқатар жұмыстардың  атқарылып жатқандығын  атап өтті.

Мәселен, таза ауызсу бағдарламасы бойынша облыстағы  347 елді мекеннің

192-сі  орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілген. Яғни халық санына шаққанда  94,6%-ды құрайды. Биылдың  өзінде 14 жоба жүзеге асырылуда. Аталған жобалар жылдың соңына дейін аяқталса,  көрсеткіш  95,1%-ға өспек.

«Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша  салаларда өсу бар, дегенмен кейбір мәселелерді  өздеріңізбен біріге отырып шешеміз деген үміттемін», — деді облыс басшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button