Жаңалықтар

Мамандандырылған орталықтар қалыпты қызмет көрсетуде

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің барлық облысындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызметтер мемлекеттік стандартта көрсетілген талаптарға сай, қалыпты тәртіпте көрсетіліп жатқанын хабарлайды.

Бүгінде қызмет алушылардың көптігі Алматы қаласындағы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана байқалуда. Бұл Алматы қаласында көліктерді алып-сататындардың көптігі мен жақын жатқан аймақ тұрғындарының автокөліктерін сонда қайта рәсімдеп, жүргізуші куәлігін ауыстыруға баратынымен байланысты.

ҚР ІІМ 1 шілдеден бастап мәліметтердің алмасуын қамтамасыз ететін жаңа веб-модульді іске қосуына байланысты мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде ақау шығып, салдарынан барлық мамандандырылған ХҚО-ға келушілердің өтініштері дер кезінде қаралмай, үлкен кезек туындаған болатын.

Бұл ретте мемлекеттік корпорация өз тарапынан халық наразылығын басып, кезекті тарату үшін қосымша қызметкерлерді тартып, «соңғы клиентке» дейін жұмыс істеді. Халыққа ыңғайлы болу үшін egov.kz порталы арқылы қызметті онлайн алуға көмектесетін кеңесші мамандар жұмылдырылды.

Айта кетейік, көліктерді қайта тіркеп, жүргізуші куәлігін алу қызметтері бойынша мамандандырылған ХҚО-ларда шілденің 1-8 аралығында 40 мыңға жуық қызмет көрсетілді, оның 9 мыңнан астамы тек Алматы қаласына тиесілі.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button