Жаңалықтар

Қазақтың күйлері күмбірледі

Атаулы күн

Ақтөбе қаласындағы Орталық саябақта Ұлттық Домбыра күніне арналған «Маржан саздың маржаны — домбырамсың» атты мерекелік шара өтті.

Ақтөбе қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараның басты мақсаты —ұлттық құндылығымыз, киелі аспабымыз — домбыраны насихаттау.

Мереке күні көпшілік назарына мерекелік сазды бағдарлама ұсынылып, бір мезетте 50 домбырашы Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Қазанғаптың күйлерін күмбірлете төкті. Сондай-ақ, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония әншілері мен қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары ұсынған сазды бағдарлама барысында халық әндері шырқалса, «Әлия гүлі» бишілер ансамблі биден шашу шашты.

                                                                       А.БОЛАТБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button