Білім

Маман керек, маман 

Түлектер

Қазіргі уақытта білім беру ұйымдарына 140 маман қажет. Оның көпшілігі орыс тілі пәнінің мұғалімі. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, биыл жоғары және арнаулы оқуорындарын бітірген 457 жас маманның 40 пайызын аудандардағы білім беру ұйымдарына жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.

Жыл сайын сәуір айында түлектерді жұмысқа алдын ала бөлу Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекетті куниверситетінде, Ақтөбе гуманитарлық колледжінде өткізіледі.

Жаңа оқу жылында жоғары оқу орындарынан 257 түлек және кәсіптік арнаулы колледждерден 200-ден астам түлек жұмысқа орналасуға ұсынылыпты.

  • Оның ішінде «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша 124 түлек, 166 түлек жалпы конкурс негізіндегі, ал 52-сі — ауылдық квота негізіндегі мемлекеттік білім грантының иегерлері, — дейді облыстық білім басқармасының бас маманы Гүлзейнеп Есенғалиева.

Оның айтуынша, бұл түлектердің 40 пайызын аудандарда, ауыл мектептеріне жұмысқа орналастыру жоспарланған.

Қазіргі уақытта  білім беру ұйымдарына 140 маман керек. Нақтырақ айтсақ, 35 орыс тілі пәнінің, 15 ағылшын тілі пәнінің, 12 химия пәнінің, 18 физика пәнінің, 14 математика пәнінің мұғалімдері қажет. Сондай-ақ 20 орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімі тапшы.

  • Кадрларға деген қажеттілік жас мамандардың есебінен 60 пайызға жабылады, яғни алдын ала бөлінген жоғары және арнайы оқу орындарының түлектерінің жұмысқа нақты орналасуы 15 тамыздан бастап жүзеге асырылады, — дейді Гүлзейнеп Есенғалиева.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button