Рухани жаңғыру

1000 атаудың тарихы зерттелді

Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша «Ақтөбе облысы аумағында кездесетін топонимдер мен антропонимдер» сөздігі шығарылды. Сөздікте 1000 атауға, оның ішінде 720 топоним мен 280 антропонимге анықтама берілген.

Жоба «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Өлкетану» базалық бағыты бойынша жүзеге асырылды. Бұл — тілдерді дамыту басқармасының өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау бойынша көпжылдық жүйелі жұмысының бір көрінісі.

Сөздік облыс аумағындағы атаулар жөнінде қысқа да нұсқа ақпарат береді. Топонимдер мен антропонимдер қоғам өмірі, халық тіршілігімен тығыз байланысты. Сол себепті аталмыш еңбек ғылыми-тарихи маңызға ие. Әдебиеттанушы, тілші, тарихшы, географ ғалымдар, мұрағат және мұражай қызметкерлері, орта, арнаулы және жоғары оқу орны студенттері, яғни сөздік өлкенің жер-су атауларын білгісі келетін қалың оқырманға арналған.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button