Жаңалықтар

Екі басқармада жаңа басшы

Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин аппарат жиынында екі облыстық басқарманың жаңа басшыларын таныстырды, — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қазметі.

Облыс әкімінің қаулысымен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына Нұрхан Қадырбаев, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына Мәлімбет Ибрашов басшы болып тағайындалды.

Нұрхан Кенжебайұлы Қадырбаев 1986 жылы туған. Жоғары білімді. 2008 жылы

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік драма театрының әртісі болып бастаған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттік клубының көркемдік жетекшісі, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры басшысының орынбасары, Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының директоры қызметтерін атқарған.

Мәлімбет Ерғалиұлы Ибрашов 1970 жылы туған. Жоғары білімді. Алматы экономика және статистика институтын, Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль және жол университетін, Халықаралық бизнес академиясы оқу орындарын аяқтаған. Еңбек жолын 1989 жылы Орынбор облысы «Ақбұлақ» кеңшарының  құрылыс жұмысшысы болып бастаған.  Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, Қарғалы, Әйтеке би аудандарының әкімі қызметтерін атқарды.

Облыс әкімі жаңа басқарма басшыларына облыстың өркендеу жолында атқарылатын жұмыстарды сапалы орындауды тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button