Жаңалықтар

Шалқарлықтардың арысқа көмегі

Шалқарлықтар әскери бөлімдегі жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарына материалдық, қаржылай көмегін берді.

Аудан  орталығындағы Мырзағұл Шыманұлы ескерткіші маңында қайырымдылық жәшіктері қойылып, аудан тұрғындары бір күнде ақшалай, заттай көмектерімен үлесін қосты. Бұл жерде жиылған ауызсу, бұзылмайтын түрлі тамақ өнімдері, т.б. қажетті заттардың ауқымы әп-сәтте екі жүк көлігіне жетті. Ал жиналған қаржының көлемі 858 мың теңге болды.

— Бір күнде мұндай зат пен қаржының жиылуы шалқарлықтардың бірлігі бекем екендігін көрсетеді. Осы жиналған заттар Шалқардан екі жүк көлігімен Арысқа жеткізілді. Арнайы құрылған комиссияның бағыттауымен біз жерлестеріміздің аманатын шын мұқтаж отбасыларға үлестіріп бердік. Тосыннан келген апатқа душар болған арыстықтардың шалқарлықтарға айтар алғысы шексіз. Адамның мейірімділігі, бір-біріне қамқорлығы осындай сәттерде айқын сезілетіні сөзсіз. Бұл тұста шалқарлықтардың ісі көпке үлгі, — дейді осы қайырымдылық істің басы-қасында жүрген Шалқардағы Мәтей Қоқанұлы атындағы мешіттің бас имамы Бақыт Тойшыбаев.

Көмек мұнымен шектелмек емес. Nur Otan партиясы Шалқар аудандық филиалының мұрындық болуымен қазіргі таңда қайырымдылық істер әлі де жалғасып жатыр. Оғанаудандағыбарлықмекеме, кәсіпорын, ұжымқызметкерлерібелсенеқатысуда. Аталған партия филиалыныңкеңесшісіНұрболатМұрсаловтыңсөзінше, бүгінде жиналғанбір миллион теңгеқаражатАрысқаласынаарнайыашылғанесепшотқааударылған. Әлі де заттай, қаржылайжиналыпжатқанкөмектер бар. Оларбірер күндежеткізіледі.

Мұхтар МЫРЗАЛИН,

Шалқар ауданы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button