Жаңалықтар

«Ақылды қала»: эталондық стандарт және 5 негізгі бағыт 

 Цифрлық Қазақстан

Кеше Nur Otan партиясының облыстық филиалы ғимаратында «Ақтөбе облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында Қазақстан Республикасының ақылды қалаларының эталондық стандарттарын енгізу мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.

Аталған жиынды облыс әкімінің кеңесшісі Владимир Лазарев жүргізіп отырды.

Басқосуда облыстық ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Сергей Беккер бүгінгі күні облыста «ақылды қала» жобасы аясында техникалық шешімдерді реттеу, нарық қажеттілігі және бірнеше бағыттар бойынша қаржыландыру нұсқалары пысықталып жатқанын жеткізді. Аталған бағыттардың қатарында ақылды көшені жарықтандыру, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі, датчиктердің метеорологиялық жүйесі, климат-бақылау, үйді басқару платформасы, зияткерлік су желісі, зияткерлік энергия желісі, қар жүктемесінің сенсоры, ақылды лифт, ақылды аула және т.б. бар.

Жиында «Қазақтелеком», «ASTEL», «Трансэнерго», «Ақбұлақ», «Қазпошта», «НИТ» акционерлік қоғамдарының және «Энергосистема», «Акватория-Актобе», «Технолинк LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің өкілдері өз салалары бойынша таныстырылым жасап, аталған жоба аясында жүргізілетін жұмыстарға тоқталды.

Басқосуда бірыңғай техникалық саясат пен ақылды қалалардың эталондық стандартының 11 бағытын синхрондау мәселелері талқыланып, басқарма мамандары мен компания өкілдері өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Айта кету керек, алдағы уақытта аталған жоба аясында облыста заманауи сандық технологияларды енгізу бойынша қолайлы жағдай жасалмақ. Сондай-ақ бес негізгі бағыт бойынша облыс әкімдігі сандық кеңсесінің ашық диалогын өткізу жоспарланған. Атап айтсақ, бес негізгі бағытқа денсаулық сақтау, білім беру, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және қауіпсіздік салалары кіреді.

Данагүл ҚАЗИХАН.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button