Басты бет » Мәдениет » Маусымның жабылуы

Маусымның жабылуы

Өнер

Бүгін облыстағы өнердің қара шаңырағы Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының 75 жылдығына арналған 74-ші концерттік маусымының гала- концерті өтеді.

Өнер орталығының концерт залында өтетін кешке  А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, қазақ камералық хоры, камералық оркестр, «Арайлы Ақтөбе», «Достық сазы» фольклорлық ансамбльдері, «Аққу» би ансамблі, классикалық музыка ансамблі, «Саз» балалар студиясы, Бейбіт Оралұлы шығармашылық орталығы және «Екі езу» сатира театры қатысады.

Концерттік бағдарламада Қазақстан және шетел композиторларының шығармалары орындалады. Концерт 18.30-да басталады.

М.ТАБЫН.