Спорт

Тәртіп сақшысы чемпион атанды

Чемпионат

Облыстық полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ сарбазы Александр Борисов ҚР ІІМ  ұйымдастыруымен Петропавлда өткен қазақ күресінен чемпионатта 74 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл додағабарлығы 24 командадан 150-ге тарта қатысушы бақ сынаған. Чемпионатта полицейлер, құтқарушылар, шекарашылар мен атқару жүйесінің мамандары өзара белдесті.

«Мен төрт белдесу өткіздім. Алғашында шығысқазақстандық, екіншісінде қызылордалық, үшіншісінде Қазақстанныңбылтырғы чемпионы болған спортшымен белдесіп, жеңдім. Ақтық мәреде қарағандылық әріптесімнен басым шығып, чемпион атағын иелендім. Жеңісім үшін командирім Қажмұхан Шалтақов пен бапкерім Акадил Убаевқа алғысымды айтамын», — дейді Александр Борисов.

Ол енді қыркүйек айында Үндістанда өтетін самбодан Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button