Басты жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтары сұранысқа ие

Еңбек нарығы

Елімізде жұмысшы мамандықтарына сұраныс қашан да жоғары. Биылғы оқу жылынан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби-техникалық білім беру саласындағы жұмысшы мамандықтары бойынша оқып жатқан студенттердің шәкіртақысын 30 пайызға көбейту туралы тапсырма бергені белгілі.

Өңірде ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарын оқытуға баса назар аударылуда. Мәселен, биыл облыста «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы аясында жұмысшы мамандықтарын оқытуға 1085 грант бөлініп отыр. 

БИЫЛ 5924 ОҚУШЫ КОЛЛЕДЖ БІТІРДІ

Қазір облыста 44 колледж бар. Оның 27-сі мемлекеттік болса, қалғаны — жекеменшік колледждер.Биыл облыстағы колледждерді 5924 оқушы бітірді.

Оқушылар колледждерде 97 мамандық бойынша білім алады.Оның —51-і жұмысшы мамандықтары.

Биылғы оқу жылына мемлекеттік тапсырыс негізінде жергілікті бюджеттен 3670 орын және «Еңбек» бағдарламасы аясында 1085 орын бөлінді. Мемлекеттік тапсырыс  білім, медицина, өнер және мәдениет, қызмет көрсету, метрология, геология, мұнай және газ, энергетика, металлургия, көлік, өндіру, құрастыру, байланыс, құрылыс, ауылшаруашылығы салалары бойынша берілді.  

Облыс бойынша негізінен қызмет көрсету және ауылшаруашылығы, жұмысшы мамандықтары тапшы, — дейді облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Венера Шавкилова.

2017 жылдан бастап елімізде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы жүзеге асырыла бастағаны мәлім. Аталған бағдарламағамектептегі 9-11-сыныптарды бітіруші оқушылар және оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, тұрмысы төмен отбасылар мен көпбалалы отбасылардың мүшелері қатыса алады. Бұл бағдарлама аясында жұмысшы мамандықтары бойынша осы кезге дейін 2170 оқушықабылданды. Ал биылғы оқу жылына тағы 1085 оқушыны қабылдау жоспарланып отыр.

«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ ЕНГІЗІЛМЕК

Биылғы жылы өңірімізде «Жас маман» бағдарламасы жүзеге асырылмақ.Елбасы Қазақстандағы Жастар жылының ашылуы барысында өткен жиында. әрбір облыста шетелдік профессорлардың қатысуымен «Назарбаев Университетіне» жақындатылған  университет пен 100/200 қағидатына сәйкес келетін 10 үздік колледж құруды тапсырғаны мәлім. Венера Шавкилова бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын айтады.

— «Жас маман» бағдарламасы аясында облыстан еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім беретін 10 колледж таңдалып алынды. Бағдарламаға енген мамандықтар аясында  колледждердің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін  республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді деп күтілуде.

Биыл мектеп бітіруші 9-сынып оқушыларының  40 пайызы, 11-сынып оқушыларының  25 пайызы кәсіптік оқуды таңдайды деп жоспарланып отыр, — дейді ол.

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КУРСТАР ТЕГІН ОҚЫТЫЛАДЫ

Қазіргі таңда жұ­мыссыздарға әртүрлі мамандықтар бойын­ша курстар ашылып, кәсіптік білік­тіліктерін арттыру ісі қолға алынғаны белгілі. Қысқа мерзімді қайта даярлау курстары еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша оқытылады.

Ақтөбе қалалық жұмыспен қамтуорталығы директорының орынбасары Алтынай Маханованың айтуынша, биыл 945 жұмыссыз және өзін-өзі қамтушы азаматты қысқа мерзімді қайта даярлау курсына бағыттау жоспарланды.

Үстіміздегі жылдың 1 маусымына дейін 337 жұмыссыз еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша курстан өтті.  Оқыту курстары 3 айға созылады. Сондай-ақ 16 759 теңге шәкіртақы беріледі. Жұмысшы мамандықтарының тізіміндеқоғамға қажетті электромонтажшы, автослесарь, автоэлектрик, қазандық операторы, кең профильді тігінші, кондитер сияқты барлығы жиырмадан астам мамандық түрлері бар.

Тігінші —  еңбек нарығында танымал, халыққа қызмет көрсету саласында қажетті мамандықтардың бірі. Бүгіндебұлмамандыққасұраныс та жоғары. Ақтөбелік тұрғын Алмагүл Далабаева «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы»  аясында  қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылып жатқанын естіп, өз білімін жетілдіріп шықты.

Бастапқыда жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп келіп, осы бағдарламатуралыестіп-білдім. Орталық мамандары еңбек биржасы арқылы түрлі курстарда оқуға болатынын түсіндірді. Сондай-ақ мамандық алумен қатар оқу барысында шәкіртақы да төленеді екен. Өзіме тігіншілік кәсібі ұнайтын. Биыл көктемде үш айлық тігін курсын оқып бітірдім. Бұдан соң бірден қаладағы тігін ательесіне жұмысқа орналастым. Тапсырыс бойынша түрлі киімдер тігіп, еңбекақымды аламын. Бұл — жұмыссыз жүрген азаматтардың өз кәсібін ашуына немесе жұмыс табуына мүмкіндік берері сөзсіз, — дейді Алмагүл Далабаева.

ЭЛЕКТРОНДЫ ЕҢБЕК БИРЖАСЫ

Алтынай Маханованың айтуынша, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да кәсіби бағдар алуына, жұмысқа орналасуына мүмкіндіктер бар.

— Егер бізге әңгімелесуге келген жұмыссыздың мүмкіндігі шектеулі болса, жеке оңалту бағдарламаларын ұсынамыз. Оларды мекемелерарнайы квота бойынша жұмысқа алатын болады.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының үшінші бағыты — жұмыссыздарды әлеуметтік, тұрақты, қоғамдық жұмыс орындарына орналастыру. Бұл ретте «Жастар тәжірибесі» бағдарламасын атап өткен жөн. Оқу орнын бітірген түлектерді алғашқы тәжірибе жинақтау үшін тиісті жұмыс орындарына жібереміз. Жалақы мөлшері — 65 мың теңге.

Сондай-ақ жастарға әлеуметтік жұмыс орындары да қарастырылған. Онда жалақының 35 пайызынабіздің бюджеттен субсидия бөлінеді. Жастар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде, шаруақожалықтарында және жеке кәсіпкерлік нысандарында жұмыс істей алады, — дейді А.Маханова.

Айта кетейік, елімізде былтырдан бастап «Еңбек биржасы» пилоттық бағдарламасы енгізілді. Онда жұмыс іздеушілердің интернет арқылы түйіндемелерін енгізуге мүмкіндіктері бар.

Былтыр Ақтөбе қаласы бойынша барлық мекемелерде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, электронды цифрлық қолтаңба арқылы «Еңбек.кз» электронды сайтына тіркеу жөнінде ақпараттар берілген.

Бүгінде электронды еңбек биржасында  2591 бос жұмыс орны жарияланып, 1242 түйіндеме келіп түскен.

Биыл 2566 адам электронды еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналасты.

 Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button