Басты жаңалықтар

Спортшыларға құрмет көрсетілді

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбедегі «Еркін күш» жекпе-жек клубының спортшылары, аралас жекпе-жектен өткен «M-1 Global 102» халықаралық турнирінің жеңімпаздары мен қоян-қолтық ұрыс спортының чемпиондары Сергей Морозов (61,3 келіге дейінгі салмақта) пен Гойти Дазаевты (77,1 келіге дейінгі салмақта) қабылдады.

Олар Нұр-Сұлтан қаласындағы көпфункционалды «Барыс-Арена» спорттық кешенінде аралас жекпе-жектен өткен «M-1 Global 102» халықаралық жарыста еліміздің намысын қорғады. Сайыс нәтижесінде, ақтөбелік екі спортшы да жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Ерекше айтып өту керек, Сергей Морозов облыс тарихында М-1 белбеуін бірінші болып иеленді. Сондықтан  Ақтөбе өңірі M-1 Global және Fight Night жекпе-жектері бойынша екі бірдей белбеуді иеленген  еліміздегі жалғыз облыс саналады. Облыс әкімі спортшыларды жеңісімен құттықтап, оларға сәттілік тіледі.
Мұндай жоғары жетістіктер аянбай еңбектенудің, жаттығудың арқасында келетіні сөзсіз. Сіздер тек облыстың ғана емес,еліміздің де атын шығарып, көк байрағымызды биікке көтердіңіздер, — деді Оңдасын Оразалин.
Кездесуде «ММА» республикалық федерациясының вице-президенті, «Еркін күш» клубының негізін қалаушы, жаттықтырушы Айбек Шоқпытов облыс әкіміне жылы қабылдауы мен спорт саласына жасаған қолдауы үшін алғысын білдірді.
Аталған турнирде 13 кездесу болса, оған 10 мемлекеттен 26 спортшы қатысты.
Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы Санкт-Петербургте қоян-қолтық ұрыс спортынан өткен әлем чемпионатында жалпы командалық екінші орынды иеленді.
Қазбек Сағын, Ұлан Мұқашев, Нұрсұлтан Бекпатшаевжәне қыздар арасында Күндиас Сағындықова әртүрлі салмақта әлем чемпионы атанды.

Облыс әкімі спортшыларға Алғыс хатпен қоса, бағалы сыйлықтарды табыстады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button