Жастар

Асылхан ауылына келді

Жастар жылы

Көпшілік  «Сартай батыр» атап кеткен жас актер Асылхан Төлепов туған жері Ойылға келіп, жерлестерімен кездесті.

«Жаужүрек мың бала» фильмінде басты рөлді сомдаған Асылхан Төлеповпен кездесу аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ауласында ұйымдастырылды. Кездесуде Ойыл ауданының әкімі Дастан Сағыров жас актерге жерлестерінің ыстық лебізін білдіріп, оған шығармашылық табыс тілеп, құрмет көрсетті.

Бүгінде Алматы қалалық мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясының мүшесі А.Төлепов жасотандықтармен сұхбаттасып, елімізде жастар саясатының жүзеге  асырылуы, Жастар жылы аясындағы жаңалықтармен бөлісті.

Туған жерге жасаған сапары аясында киноактер Ойыл аграрлық колледжінің оқушыларымен кездесіп, Қараой ауылында жастар мерекесіне арналған іс-шаралардың құрметті қонағы болды.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,

Ойыл ауданы. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button