Басты жаңалықтарМереке

Мереке күнгі марапат

Кеше бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті. Мерекеде облыс әкімі Оңдасын Оразалин журналистерді мерекемен құттықтап, марапаттар табыстады.

Облыс әкімі құттықтау сөзінде бұқаралық ақпарат құралдарының еліміздің ақпараттық саясатын жүзеге асыруда маңызы ерекше екенін айта келе, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік бағдарламаларды жүргізуде қол жеткізген жетістіктеріне тоқталды. Сондай-ақ облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен арнайы қаулы бекітіліп, биыл БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ерекше атап өтіліп жатқанын жеткізді.

Облыстың дамуына, қоғамға қосып жатқан үлестеріңіз үшін сіздерге айтар алғысымыз шексіз, —деп жүрекжарды тілегін жеткізген облыс әкімі бір топ БАҚ өкілін марапаттап, арнайы сыйлықтар табыс етті.

Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс министрлігінің Құрмет грамотасы облыстық «Ақтөбе» газетінің тілшісі Мейрамгүл Сатаева мен облыстық «Актюбинский вестник» газетінің тілшісі Абат Қаратаевқа, ал «Қазақстанның құрметті журналисі» атағы ардагер журналист Жақсылық Айжанға табысталды.

Мерекелік шарада БАҚ саласының 20 қызметкері облыс әкімінің Алғыс хаты мен арнайы сыйлығымен марапатталды. Олардың қатарында облыстық «Ақтөбе» газетінің тілшісі Айбек Тасқалиев және облыстық «Актюбинский вестник» газетінің тілшісі Абат Қаратаев бар.

Сондай-ақ Ақтөбе қаласы әкімінің Алғыс хаты мен сыйлығы облыстық «Ақтөбе» газетінің тілшісі Мейрамгүл Сатаева мен облыстық «Актюбинский вестник» газетінің тілшісі Владимир Бурьяновқа берілді.

Салтанатты шарада облыстық «Ақтөбе» газеті редакторының орынбасары Ертай Ашықбаев пен газеттің жауапты хатшысы Сәтжан Дәрібайға, «Ақтөбе» газетінің ардагері Амангелді Мектепбаевқа «Ақпарат саласының үздігі» атағы беріліп, бір топ БАҚ өкілдеріне «Ақтөбе қаласының 150 жылдығы» төсбелгісі табыс етілді.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button