Мереке

«Ақтөбе» газетінің ұжымына

Сіздерді Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Жоғары біліктілік, отансүйгіштік, белсенді азаматтық көзқарас, болып жатқан оқиғаларға сергектік — қазақстандық журналистердің ең басты ерекшелігі. Жергілікті халыққа етене жақын аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының орны да айрықша.

Аймақтағы мәселелерді жан-жақты зерделеуге және олардың шешілуіне ұдайы атсалысасыздар, туған өлкенің жетістіктерін паш етіп келесіздер. Сіздердің әр сөзіңіз бірлік пен ынтымақты нығайтуға, мәңгілік құндылықтарды жаңғыртуға, әр қазақстандыққа ортақ бағыт-бағдарды белгілеуге серпін береді.

Шеберліктеріңіз бен кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз үшін Сіздерге алғыс айтуға рұқсат етіңіздер.

Сіздерге шығармашылық өрлеу, жаңа бастамалар мен жобалардың табысты іске асуын тілеймін.

Ізгі тілекпен,

Дариға НАЗАРБАЕВА.

 Нұр-Сұлтан қаласы,

2019 жылғы 28 маусым.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button