Әлеумет

Барлық кезең ағылшын тілінде

«Ақбөбек» мектеп жанындағы лагері

Жаз – балалардың ең сүйікті мезгілі. Демалыс уақыттарын жазғы лагерьде өткізген балалар естен кетпес қызықты сәттерді бастан өткізері анық.

«Ақбөбек» мектеп жанындағы лагерінде балалардың жазғы демалысы жыл сайын жоғары деңгейде ұйымдастырылып келеді. Демалыс 8 кезеңнен тұрады. Биылғы жаздың ерекшелігі – барлық кезең ағылшын тілінде жүргізіледі. Тәрбиешілер ағылшын тілінде сөйлейді, олар балаларға ағылшын тілін еркін меңгеруді қарапайым тәсілдермен үйретуде.

Мұнда балалардың қызықты демалысы үшін барлық жағдай жасалған. Лагерьге 6 мен 12 жас аралығындағы балалар қабылданады. Мұнда балалар күнде бассейнге шомылады. Сондай-ақ, таэквондо, каратэ, хореография, ағылшын тілі, актерлік шеберлік сияқты балаларды жан-жақты дамытатын үйірмелерге қатыса алады. Лагерьдегі демалыс кезінде балалар театр, мұражай, өнер орталықтары сияқты мәдени орындарға барады. Танымал кейіпкерлермен қызықты тақырыптық кештер ұйымдастырылады. Түрлі ойындар, байқаулар өткізіледі. Бір сөзбен айтқанда баланың жан-жақты ашылуына толық мүмкіндік жасалған.

Лагерьдегі әр күн қызықты, тартымды шараларға толы. Жақында мұнда «Англия күні» аталып өтті. Бұл күні демалушы балалар «Oxford» орталығының қызметкері mr. Alexпен кездесу өткізіп, онымен ағылшын тілінде сөйлесті. Оның сұрақтарына жауап беріп, Англия туралы қызықты мәліметтер алды.

Лагерьге келген балалардың ағылшын тілін білуге деген құлшыныстары да жоғары. Олар ағылшын тілінде өлең, тақпақтар жаттап, өзара ағылшын тілінде сөйлесіп, ойындар ойнайды. Балалардың лагерьге келіп демалуға деген құлшыныстары жоғары.

Жақында мұнда «Лагерьде тек ағылшынша» деген тақырыпта ауқымды іс-шара аталып өтті. Бұл күні балалар бір-бірімен және тәлімгерлерімен тек ағылшын тілінде сөйлесіп, осы тілде өлең, тақпақтарын айтты. Қызықты ойындар ұйымдастырылды. Осы күні бейнелеу өнерінің маманы эбру – суға сурет салудан сондай-ақ, арнайы маман актерлік өнерден шеберлік сабағын өткізді.

Лагерьдегі әр күн мұндағы әрбір бала үшін естен кетпес қызыққа толы. Әр кезеңнің ашылуы мен аяқталуы салтанатты түрде өткізіліп, балалар өз өнерлерін ортаға салады. Басында бір-бірімен тосырқап танысқан балалар лагерь аяқталатын күні қимай қоштасып жатады. Олардың «Ақбөбек» лагерінде өткен күндерін көпке дейін ұмытпай, ерекше сезіммен еске ала жүретініне сенім мол.

 

Өмірсерік ЖЕТКЕРГЕНОВ:

-Мен Ақтөбе қаласындағы №18 орта мектебінде оқимын. Биыл алтыншыны бітіріп, жетінші сыныпқа көштім. Оқу озатымын. Жыл басында ұйымдастырылған «Эрудит-2» ғылыми жобалар қорғау байқауына қатысқан болатынмын. Бұл байқауға қаладағы мектептерден көптеген балалар қатысты. Математика пәні бойынша дайындаған жұмысым үздік саналып, бірінші орын алған болатынмын. Маған бірінші орынның сыйы ретінде «Ақбөбек» мектеп жанындағы жазғы демалыс лагеріне жолдама берілді. Міне, лагерьдегі қызықты күндерді «Ақбөбек» лагерінде өткізудеміз.

Мұнда маған қатты ұнады. Қызықты сәттер өте көп. Ойнаймыз, ән айтамыз, хореография болады, би үйренеміз. Бір күніміз де бос өтпейді. Табиғат аясына шығып, қала сыртындағы «Ақбөбек-Восток» лагерінде бір күнімізді өткіздік. Ол жақ мүлде тамаша.

Бізге қаланың басқа да ойын-сауық, демалыс орындарын аралатты. Ал, лагерьде күн сайын бассейнге түсеміз, «Ақбөбектің» өзінің жасанды жасыл желекпен жабдықталған үлкен футбол алаңы бар, сол жерде күнде доп теуіп, футболдың қызығына түсеміз. Демалысым өте қызықты өтуде.

 

Ақниет МАҚСАТОВА:

-Ақтөбе қаласындағы №63 орта мектепте оқимын. Алтыншы сыныпты бітірдім. Оқу озатымын. «Эрудит-2» байқауынан осында жолдама ұтып алдым.

«Ақбөбек» мектеп жанындағы лагерь керемет ұнады. Өзіме көптеген достар таптым. Мен видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктегенді ұнататын едім. Қазір мұндағы әрбір қызықты сәттерімді құр жібермей достарыммен бейнетаспа жасап, достарыма жолдап жүрмін.

Әрине, лагерь күндері қызыққа толы. Әр күн бассейнге шомыламыз. Бұл деген керемет. «Ақбөбектегі» биылғы ерекшелік – барлық кезеңдер ағылшын тілінде болады екен. Бұл біздер үшін өте жақсы. Күн сайын жаңа сөздер үйреніп, мектепте оқығандарымызды одан әрі толықтырып жатырмыз. Мұнда апайлармен, бір-бірімізбен ағылшын тілінде сөйлесіп жүрміз. Кейбір сөздеріміз қате болып кетсе, апайларымыз түзейді, біз күлеміз.

Мұнда кең залдар көп. Бірінде би билесек, бірінде ән айтамыз, кейде сурет саламыз. Бәрінен де өз мамандығын жақсы білетін апайлар мен ағайлар дәріс береді. Ал, бәрінен де тамағы өте дәмді. Осындай демалыс ұйымдастырып, бізге ерекше көңіл күй сыйлаған «Ақбөбек» орталығына көп рақмет айтамын.

 

Ата-аналар назарына:

«Ақбөбек» мектеп жанындағы лагерь маусымдары

28.05 – 06.06 – «Ағылшын тілі» маусымы

08.06 – 17.06 – «Логика» маусымы

19.06 – 28.06 – «Инновациялық технология» маусымы

30.06 – 09.07 – «Ағылшын тілі» маусымы

11.07 – 20.07 – «Театр» маусымы

22.07 – 31.07 – «Саяхат» маусымы

02.08 – 11.08 – «Робототехника» маусымы

13.08 – 22.08 – «Ағылшын тілі» маусымы

Біздің мекенжайымыз:

Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 74 «б».

Тел.: 8 (7132) 53-32-03, 53-32-04.

8-778 505 85 50.

e-mail: akbobek_bbo@mail.ru

www.akbobek.education

 akbobek.kz

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button