Мереке

Бәйге жеңімпазы — Нұргүл Қонақбаева

Қазақстан Журналистер одағының облыстық ұйымы облыста тұратын одақ мүшелері арасында «Ел бірлігі — береке бастауы» атты тақырыпта шығармашылық бәйге жариялаған болатын. Баспасөз күні мерекесі қарсаңында осы сайыстың қорытындысы шығарылды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің қызметкері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Нұргүл Қонақбаева жеңімпаз атанып, оған  ел бірлігі мен ұлттар достығы тақырыбын қамтыған мақалалары үшін дипломмен арнайы сыйлықты Журналистер одағы облыстық ұйымының төрағасы Раукен Отыншин тапсырды.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button