Жаңалықтар

Шекара бекеттерін аралады

Жексенбі күні облыс басшысы Оңдасын Оразалин шекара бөлімдерін аралады.

Алдымен облыс әкімі «Әлімбет» өткізу бөлімшесінде болып, шекарашылардың жеке құрамымен танысты. Мемлекеттік шекараны күзетуде жоғары жауапкершілікпен көзге түскен бірқатар офицерлерге кезекті шенін тапсырды.

Шекарашылардың айтуынша, бүгінгі таңда шекараның қазақстандық тарапы жүк және жеңіл көліктерді бірқалыпты өткізуде. Ресей тарапынан көлік кептелісі бар, себебі көрші елдің өткізу бөлімінде біржолақты жол қарастырылған. Ал қазақстандық өткізу бөлімінде үш жолақты жол бар. Яғни, көліктің қай түрі де біздің тараптан тез өтеді.
Бұдан соң облыс басшысы «Жайсаң» шекара бекетіне барды. Көлік және теміржол өткізу бекетінің жұмысын қарап, шекарашылармен сұхбаттасты. Іздеу, тінту, құтқару және барлауда қолданылатын қызметтік иттердің кәсіби деңгейін көріп, шекараның материалдық-теxникалық жай-күйінен xабардар болды. Сондай-ақ облыс әкімі шекарадағы мемлекеттік кірістер комитетінің мамандарымен тілдесті.

Айта кету керек, жыл басынан бері ақтөбелік шекара бөлімшелеріне 37 115 көлік кіріп, шыққан. Оның 21 313-і импорт болса, 9076-сы — экспорт. Ал 6726 көлік шекарадан транзитпен өткен.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button