Басты жаңалықтар

Димаштың шетелдік жанкүйерлері Ақтөбені аралап жүр

Ақтөбеге шетелден Димаш Құдайбергеннің бір топ жанкүйері келді. Олар екі күн бойы қаланы аралады.

Қалаға саяхат жасаған топ Әлия музейіне барды. Музей жәдігерлерімен танысты. Жасы алпыстан асқан Иоко Жапониядан келіпті. Қимылы ширақ, ашық-жарқын жапондық жанкүйер Ақтөбенің ұнағанын айтты.

Димаштың әндерін тыңдағаннан кейін Қазақстан туралы сұрай бастадым. Шынымды айтсам, бұған дейін бұндай елдің бар екенін білмедім. Картадан қарап, өз еліммен салыстырдым. Қазақстанның біздің елден бірнеше есе үлкен екенін білдім. Осыдан кейін Димаштың еліне баруды өзіме мақсат етіп қойдым. Нұр-Сұлтан қаласында өтетін концертіне барамыз. Оған дейін Димаштың елін аралаймын, — деді Иоко. Ол Әлия музейін интернеттен көріпті.

Ал АҚШ-тың Аризона штатынан келген ұлты қытай  Фаузиа Май Тун Димаштың әнін 2017 жылы алғаш рет тыңдапты. Содан кейін АҚШ-тағы жанкүйерлердің тобына қосылып, концерттерінен қалмай келеді.

— Димаштың Лондонда және Қытайда өткен концертіне бардым. Барлық концертінен қалмауға тырысамын. Ақтөбенің табиғаты Аризонаның ауа райы сияқты екен. Қала ұнады, — дейді.

АҚШ, Франция, Хорватия және Жапон елдерінен келген қонақтар екі күн бойы қаланы аралады. Олар Димаш оқыған музыкалық колледжге барды. Әншінің ұстазы Марат Әйтімовпен кездесіп, шеберлік сабағына қатысты.

Кәмшат ҚОПАЕВА. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button