Жаңалықтар

Тәртіп күзетшілері құрметтелді

Атаулы күн

Т.Ахтанов атындағы драма театрда полиция қызметкерлерінің күні атап өтілді. Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева көліктегі ішкі істер департаменті Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлерін марапаттады.

Салтанатты шарада қала әкімінің орынбасары жиналғандарды мерекемен құттықтады. Ақтөбе станциясындағы желілік  полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Сарыбай Сәрсенов  мерекенің тәртіп сақшылары үшін маңызы зор екенін айтты.

Ел тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ішкі істер саласы қызметкерлерінің еңбегі зор. Қоғамдық тәртіптің сақшылары ауыр да жауапты міндетті абыроймен атқарып жүр. Бұл күні біз мерекені тек қана атап өтпей, тыныштық пен қауіпсіздік үшін өз өмірін құрбан еткен полициейлерді еске аламыз, — деді бөлім бастығы.

Осыдан соң жиналғандар көз жұмған әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Сондай-ақ  Айгүл Арынғазиева бірқатар ардагерді Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арнаған төсбелгімен марапаттады. Тәртіп пен тыныштықты сақтауға қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкерлер Алғыс хатпен марапатталды. Бөлім басшысы «Қандыағаш қаласының құрметті азаматы» атағына ие болды. Шараның соңында жергілікті өнерпаздар ән салып, би биледі.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button