Жаңалықтар

Мақсат — сапалы білім, қолжетімді қызмет

Жаңа жоба

Ақтөбе облыстық үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығында жаңа жобаның тұсауы кесілді. «Бір терезе» қағидасы бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатында қолға алынған жоба азаматтық орталықты ұйымдастыру мен дамытуды көздейді.

Облыстық үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының төрайымы Айгүл Дүйсенованың айтуынша, жаңа жобаның жұмысы желтоқсан айына дейін жалғасады. Оның аясында түрлі семинар-кеңестер мен қоғамдық қабылдаулар өткізілмекші.

Жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты шеңберінде жүзеге асырылады.

—Жаңа жоба аясында үкіметтік емес ұйымдарының  өкілдері түрлі тренингтерге қатысып,  консалтингтік қолдау ала алады. Сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдардың 70 өкілі үшін жазғы мектеп ұйымдастырылып, оның шеңберінде үкіметтік емес ұйымдардың қызметін дамыту бойынша өзекті тақырыптарға арналған семинар ұйымдастырамыз. Жобаға кез келген үкіметтік емес ұйымның өкілдері қатыса алады, — дейді Айгүл Дүйсенова.

Сонымен қатар жоба аясында үкіметтік емес ұйымдар базасына деректер жинау ұйымдастырылып, қазақ және орыс тілдерінде шағын жинақтар шығару жоспары бар.

Ал жоба аяқталған соң, жоба қатысушылары жинаған білімін өз қажетіне пайдаланып, ауыл-аймақтарда өз бетінше оқыту жұмыстарын жүргізе алады.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button