Спорт

Жалғасатын жарыс

Турнир

Ақтөбелік қыз-келіншектердің арасында үстел теннисінен турнир өтті.

Мақсат —  салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында ауызбіршілікті нығайту.

Турнирге қала мен  ауданнан 10 адам қатысты. Жарыс өте қызықты өтті. Қатысушылардың барлығы тыңғылықты дайындалған. Нәтижесінде бірінші орынды Гүлшат Иманғазина алса, екінші орынды — Данара Еламанова, үшінші орынды Үміт Ақболатқызы иеленді. Жеңімпаздардың барлығына бағалық сыйлық берілді.

Алғаның Бестамақ ауылынан келген Айгерім Есбергенова бұндай жарысқа алғаш рет қатысыпты.

—  Үстел теннисімен мектеп оқушысы кезімде айналыстым. Ал есейген соң мүлде қатыспадым. Бүгін бойым қызып, тіпті жаттығуды жалғастырсам ба деген ой келді. Негізі турнир туралы ақпаратты «Аңсар» ақпараттық орталығының инстаграм  парақшасынан білдім. Ұйымдастырушыларға ризамын. Алдағы уақытта  жеңіл атлетикадан сайыс өткізілсе деген ұсыныс айтқым келеді, — деді Айгерім.

Жарыс соңында «Аңсар» орталығының басшысы Н.Жаншин қатысушыларға алғысын білдіріп, бұндай шаралар алда да ұйымдастырылатынын айтты.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button