Рухани жаңғыру

Қоғам және жастар

Алматыдағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениет уни верси тетінде «Қоғам дамуындағы жастардың рөлі» атты ғылыми-тәжірибелік халықаралық конференция өтті. Өзгерістерге толы кезеңде жастар бойында патриотизм сезімін күшейту, ел дамуына қосар үлесін арттырып, жақсылыққа жұмылдыратын жігерлі күш әрі ұлттар ынтымақтастығында ұйытқы, мемлекет тұтастығына кепіл болатын жасампаздығын қалыптастыру мақсатында өткен халықаралық конференцияға Египет, Түркия, Ресей, Қазақ стан, Өзбекстан, Қырғыз Республикаларының білікті ғалымдары қатысты.

Шараның ашылу рәсімінде ең алдымен Қазақстанның және Египет мемлекетінің әнұраны орындалды. НұрМүбарак университетінің оқу-әдістемелік басқарма басшысы Жалғас Сандыбаев пен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ислам ілімдері факультетінің деканы Мұхаммед Хаттаб жүргізген конференцияның ашылу салтанатында алғашқы болып ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Mзілханов с4з алды. «Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті» – жас университет және жастардың сүйікті оқу ордасы. Біз Елбасының бастамасын қолдай отырып, жастарға сенім артпақ ниетпен «Жастардың қоғам дамуындағы р4лі» атты халықаралық конференцияны 4ткізіп отырмыз. Жоғары білімді кәсіби мамандар даярлап отырған оқу орнына алдағы уақытта да мемлекет тарапынан к4мек к4рсете береміз. Қоғамдағы бүгінгі к4п сұрақтар білімсіздіктен туындап отыр. Қазірдің 4зінде теріс үгіт-насихаттың құрбанына айналып, Сириядан бір-ақ шыққан 300-ден астам отандасымыз 4з еліне қайтуға ниет етіп отыр. Қайтып келгеннен кейін де олардың ой-санасын қалыпқа келтіру, қоғамға қайта бейімдеу қажырлы еңбекті талап етеді. Осы орайда біз НұрМүбарак университетінің ұстаздары мен студенттеріне, теолог мамандарға, исламтану білгірлерінің к4мегіне арқа сүйеп, иек артамыз» деді.

Египет Араб Республикасы Уақыптар вице-министрі Ас-Сеид Хусеин Абдулбари Отанды қорғау дінді қорғаудан да жоғары тұратынын, жастардың бойында, әсіресе отансүйгіштік қасиет басым болуы керектігін, мемлекет мықты болса, діннің де ары қарай 4ркен жаюына мүмкіндік туатындығын тілге тиек етті.

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Мұхаммад Аш-Шаххат ал-Жинди, Қазақстандағы БҰҰ Қоғамдық ақпарат бюро жетекшісі Абдурахим Мухидов, Nзбекстан Халықаралық ислам академиясының ректоры, профессор Шухрат Евкошев, Халықаралық Кувейт университетінің ректоры Асан Ормушев, ERCIYES университеті, PһD докторы Юнус Апайдын, Қ.А.Ясауи атындағы ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Досай Кенжетай сияқты білікті дін мамандары баяндама жасап, қоғам мен жастар мәселесіне байланысты 4рбитін келелі әңгімені конференцияның екінші б4ліміндегі пленарлық мәжілісте жалғастырды.

Нұрлан ҚҰМАР

anatili.kazgazeta.kz

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button