Пікір

Елдің көңілінен шығатын үлкен өзгерістер керек

Естай Жайлыбай, «Азат-арда»клубының мүшесі:

— Президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Жарлығы шықты, алайда, бұл Кеңесті қалыптастыру мәселесі, оның жұмыс тәртібі қалай болатыны, құрамында кімдердің болатыны, оларды кім іріктеп ұсынатыны әлі нақтыланған жоқ. Көпшілік енді осы жағына алаңдап отыр. Қазіргі күні Ұлттық кеңестің құрамына кімдерді ұсыну қажеттігі қоғамда қызу талқыланып,тіпті бірталай адамның аты-жөндері аталып та жатыр, алосы ұсыныстарға құлақ түрсек,Кеңеске орталық қалалар ғана емес, облыстардың да өкілдерін тарту керектігі мүлде ұмыт қалатын секілді сезіледі. Қазір әр өңірдешешімін күткен мәселелер жетерлік. Ол мәселелерге қатысты жағдайды, халықтың ұсыныс-пікірлерінжоғарыға айтып-жеткізу үшін Кеңес құрамынан жергілікті жерлердің өкілдері тысқары қалмауы тиіс.

Меніңше, Кеңестің құрамына әр саяси партия, әр қозғалыстан бір-бір адамнан ұсынылғаны дұрыс. Кейбір топтар үзілді-кесілді түрде «біз ешқашан билікпен ымыраға келмейміз» деген бағыт ұстанып отыр. Мұны жөн санамаймын. Бізге керегі — текетірес емес, халықтың жағдайын жақсарту, елдің келешегіне қатысты оң шешімдер қабылдау ғой, осы мақсатты нық ұстанар болса, кіммен де келісіп, жұмыс жасауға әзір болу керек.

Билік пен халықтың арасында сенім орнауы үшін диалог әділ жүргізілуі керек. Әркім жеке бас қамын, күнделікті ұсақ-түйек мәселелерді күйттемей, елімізге үлкен өзгерістер қажет екенін ашық түрде айтатын кез келді. Менің ойымша, «Сайлау туралы», «Митинг пен шерулер өткізу туралы» Заңдарға өзгерістер енгізу, оларды демократиялық үдерістерге сәйкестендіру керек. Сайлау комиссияларының құрамын жаңарту да — күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button