Жаңалықтар

Қылмыс деңгейі 15%-ға төмендеді

Құқықбұзушылықтардың, меншікке қарсы қылмыстардың алдын алу және бұрынғы сотталғандарды жұмысқа орналастыру мәселелері құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның мәжілісінде қаралды.

Жиын облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өтті, оған өңірдегі құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Прокуратураның деректеріне қарағанда, ағымдағы жылдың басынан бері облыстағы қылмыс деңгейі 15%-ға төмендеген.

Облыс әкімі құқық қорғау органдарының бұдан да гөрі үйлесімді және тиімді өзара әрекеті жағдайында нәтиженің одан да жақсы болуы мүмкіндігін атап көрсетті. Бұл ретте ол алаяқтық, қалта ұрлығы, мал ұрлығы, бұзақылықпен күресті күшейтуді, оның ішінде көңіл көтеретін орындарды да қамтуды тапсырды. Бұдан басқа, облыс басшысы ұрланған заттарды сатып алу және өткізу нүктелерін жою бойынша ықпалды шаралар қабылдауды талап етті.

Оңдасын Оразалин сондай-ақ, бейәлеуметтендірудің, оның ішінде қайталанбалы қылмыстың алдын алу мақсатында бұрынғы сотталғандарды еңбекке орналастырудың маңыздылығын атап көрсетті. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаровтың деректеріне қарағанда, биылғы жылдың басынан бері жұмыспен қамту органдарына бас бостандығынан айыру орындарынан босаған және анықтау қызметі есебінде тұрған 273 адам хабарласқан. Олардың 129-ы қазірдің өзінде жұмысқа орналастырылған, бұдан басқа 24 адам мемлекет есебінен қысқа мерзімді кәсіби білім алудан өтуде. 113 адам ұсынылған бос орындардан бас тартқан.

Оңдасын Оразалин «Еңбек» өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы тетіктерін пайдаланумен бұрынғы сотталғандарды кәсіпкерлікке тарту мүмкіндігін атап көрсетіп, бұл бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

«Бұл мәселе бойынша мақсатты топтар арасында түсіндіру, ақпараттық жұмыстарын күшейту қажет. Жұмыспен, таза еңбекақымен қамтамасыз ету — қайталанба қылмыстың алдын алудың нәтижелі түрі», — деп атап көрсетті облыс әкімі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button