Жаңалықтар
«Ел бірлігі — береке бастауы»
Бәйге!!!
Қазақстан Журналистер одағының облыстық ұйымы облыста тұратын одақ мүшелері арасында «Ел бірлігі — береке бастауы» атты тақырыпта шығармашылық бәйге жариялайды.
Бұл сайысқа биылғы жылдың қаңтар айынан бастап газеттерде жарияланып, телеарнада көрсетілген, сондай-ақ радио арқылы берілген материалдар қабылданады. Бәйгеге ұсынылған мақалаларда, телерадио хабарларында ел бірлігі мен тұтастығы, ұлттар достығы, өзара түсіністік пен береке-бірлік құндылықтары қамтылуы тиіс.
Бәйге қорытындысы алдағы баспасөз күні қарсаңында шығарылады.
Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады.
Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымы.
Мекенжайымыз: Ақтөбе қаласы, Т.Рысқұлов көшесі, 190, Баспасөз үйі.
Байланыс телефоны: 8(7132) 90-71-66.