Спорт

Тоғыз команда тайталасты

Ашық біріншілік

Шалқар қаласындағыГазшылар қалашығында орналасқан «Алау» стадионында Жастар жылына және Ақтөбе қаласының150 жылдығына арналған футболдан аудан әкімі кубогының жүлдесі үшін аудандық ашық біріншілік өтті.

Жарыстың ашылуында аудан әкімінің орынбасары Жанболат Жидеханов сөз сөйлеп, спортшылардың жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектестік білдірді.

Жарысқа Ақтөбе қаласы және көршілес аудандардан барлығы 9 команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Ақтық ойындарда Бозой, Қауылжыр ауылдық округтері және Шалқар қаласының намысын қорғаушы «Алау» командалары бақ сынасты.

Аудан әкімінің кубогын Қауылжыр командасы жеңіп алып, екінші орынға «Алау» командасы ие болды. Үшінші орынды Бозой командасы иеленді. Асхат Сәкенов (Бозой командасы) «Үздік қақпашы», Нұртас Әлмұханов (Қауылжыр командасы) «Үздік ойыншы», Дәуренбек Сағынаев («Алау» командасы) «Үздік қорғаушы» атанды.

Нұржан Шойғарин,

Шалқар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button