Жаңалықтар

Екі адам судан құтқарылды

Төтенше жағдай

11-12 маусым күндері ақтөбелік құтқарушылар 2 бірдей қала тұрғынын судан құтқарды. Оның біреуі — бала.

Сейсенбі күні кешкі сағат 19.05-те құтқарушылар төтенше жағдайдың алдын алды. Тұрғындар қалашығы ауданындағы Елек өзені маңындағы №1 құтқару станциясынан «Тарзанка» ауданында 1967 жылы туған ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар оқиға орнына дер кезінде жетіп, ер адам жағаға шығарылды. Кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болған азамат учаскелік инспектор мен жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Ал 12 маусым күні сағат 15.26-да келіп түскен хабарлама нәтижесінде «Шаттық» коммуналдық жағажайында 2005 жылы туған жасөспірім құтқарылды. Өзі қатарлы достарымен су айдынына барған ол шомылу барысында суға шашалып, бата бастаған. Жағажайға дер кезінде жеткен құтқарушылар баланы құтқарып қалды. Оған дер кезінде психологиялық көмек көрсетіліп, ата-анасына тапсырылды.

Осы жағдайларды ескере отырып, судағы қайғылы оқиғаның алдын алу үшін

облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды және балаларды қараусыз қалдырмауларыңызды сұрайды. Сондай-ақ арнайы бөлінген орындарда ғана шомылып, мас күйінде суға түсуге болмайтындығын ескертеді.

           Оксана КИЧИГИНА,

Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы мемлекеттік мекемесініңкезекші-диспетчерлік қызмет басшысы. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button