Спорт

Ересектер хоккей клубы туралы сөз болды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры  Глеб Каратаев пен «Ақтөбе» хоккей командасының бас директоры Зәкіржан Мамет-Әлиевті және клубтың бас жаттықтырушысы Юлиус Пензесті  қабылдады.

Қабылдауға облыс әкімінің орынбасарлары Марат Тоқжанов, Олжас Смағұлов және облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов қатысты.

Қонақтар хоккей спортындағы жетістіктерімен бөлісті. «Ақтөбе» хоккей командасы бірде-бір жеңіліссіз ойын көрсетіп, 2018-2019 жылдардың маусымдық чемпионы атанды. Сала мамандары  мұндай  жағдай тіпті  хоккей тарихында болмағандығын айтады. Командада 16 мен 18 жас аралығындағы спортшылар өнер көрсетеді.

Басқосуда  Қазақстан хоккей федерациясының басшысы алдағы жоспарларымен  бөлісіп, Ақтөбеде хоккей спортын  одан әрі дамыту үшін жергілікті ересектерге арналған кәсіпқой  хоккей клубын құру  туралы ұсынысын жеткізді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button